//

Украинадағы соғыс: 17 наурыздағы жағдай 

1210 рет қаралды

Ресей Украинаға басып кіргенде жағдайдың осылай ушығатынын бағамдамаған сияқты. Дегенмен қазір шегінерге жер жоқ. Сөйтіп, Путин өзін де, халқын да, әскерлерін де аяр емес:

1. Ресейге қарсы ақпараттық соғыс өз нәтижесін беріп жатыр.  Ондаған Ресей әскерлерінің отбасымен сөйлескен видеолары тарады. Соңғы аптада командирлері әскерлерінің ұялы телефондарын жиып алғаны белгілі болды.  Әскерлер бірін бірі аяғынан атып жаралау арқылы соғыстан қашуға мәжбүр болған. 

2. Ресей әскері Соңғы күндері қарапайым адамдар тобын жиі атқылаған. Басты себеп, партизандық соғыс басталғалы Ресей әскерлері жиі соққыға ұшырап,  өлім көбейген. Кейбір қалаларда тұрғын үйлердің бәрі дерлік зақымдалған. Жүздеген бала қаза тапты немесе жараланғаны туралы мәліметтер бар. 

3. Ресей мен ресейліктердің шетелдегі  барлық шоттары бұғатталып жатыр. Экономикалық сала толықтай тұралады. Алайда,  билік өндіріс орындарын жандандыруға күш жұмсамақ.

4. Ресейдің астық және азық-түлік саласы өзін өзі жеткілікті қамтамасыз ете алады . Халық заманға сай әлеуметтік және технологиялық игіліктен шеттегенімен аш қалмайтыны белгілі. Алайда,  халық наразылығын басу қиынға айналуы мүмкін. 

5. Беларусь пен Сирия Украинаға қарсы соғысқа кірді.  Батыс елдері оларға қарсы санкция салып жатыр.  Осыған байланысты Еуропа Одағы соғысқа дайындықты күшейтті әрі Украинаға көмекті жеделдетіп жатыр. 

Қазірге дейін Ресейдің 4 генаралы, 7-8 жоғары  әскери командирлері ажал құшты.  Есесіне Ресей аяусыз бомбылап жатыр.  Кей елді мекендердің сау тамтығы қалмаған.  Босқындар он миллионнан асқан. Олардың 3 миллионнан астамы еуропа елдеріне кетіп жатыр. 

6. Тұтқынға түскен Ресей әскерінің саны көбейген соң Украина үкіметі арнайы база жасап жатыр.  Сонымен бірге, Ресей тұтқындаған Мелитопол қаласының әкіміне Ресейдің 9 әскерін ауыстырған.  

7. Украина әскери билігі Ресей техникалары мен әскерлерін қолға түсіргендерге сыйақы төлейтінін хабарлады.  Мысалы,  ұшақ атып түсіргендерге миллионнан астам гривн төлеуі мүмкін.  Яғни,  Батыс елдерінен көмекке келетін қаржының бір бөлігі халықты соғысқа ынталандыруға кетпек.

Украина/Ресей: соғыс, көзқарас телеграм каналынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар