///

Бірқабатты Шығыс шекарадағы ауылдарға жан бітіре ме?

3825 рет қаралды
2

Алтай тауларының бөктерінде, Қытаймен шекарада жақын Марқакөл ауылдық округте Марқакөл ауылы орналасқан. Егеменді Қазақстанның аймақтарды қосу саяси-экономикалық шешіміне сәйкес, кезіндегі Марқакөл ауданы Күршім ауданына қосылған болатын. Марқакөл, Ақжайлау, Ашалы, Былғары-Табыты, Қарашілік, Қараой, Қайнарлы, Матабай, Мойылды, Тентек ауылдары кіреді. Орталығы – Марқакөл ауылы. 2009 жылы өткізілген санақ бойынша ауылда 5124 халық бар. Одан бері де ауылдың халық саны екі есеге дейін құлдыраған. Ресми дерек Марқакөл ауылында 3674 адам тұратынын айтады.

Ауылдық округ әкімі Рүстембек Кемешовтың айтуы бойынша, қазіргі уақытта урбанизация тоқтаған. Тоқырау жылдарында ауылдан көшіп кеткендер саны көп болды. Қазіргі күнде жеке кәсіп ашып, шаруашылықты жандандырып жатырмыз. Қытаймен шекарада комендатура бар. Ол жердегі әскери бөлімге де болашақта әскери борышын өтеуге көп курсант келеді деп жоспарлануда.
Марқакөл ауылында жаңа салынған бірде бір ғимарат болмаған. Тек бар ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрды демесек, жалпы ауылда су жаңа баспана, басқа да құрылыс нысандары болмаған еді.

Жағдай 2021 жылы күрт өзгерді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша барлық аудан, ауылдарда “Бірқабатты Шығыс” мемлекеттік бағдарламасы аясында, Марқакөл ауылында 5 пәтерлі 10 үй бой көтерді. Бір пәтердің көлемі 100-108 кв метр. Баспананы салған жергілікті мердігер “Азия” ЖШС басшысы Иқамбаев Амантай Шорманұлы.

Пәтерлер қазір мемлекеттік балансқа сатып алынды. Мемлекеттік үй кезегінде тұрған көпбалалы, ерекше бала тәрбиесіндегі және аз қамтылған отбасыларына үлестіріп берілді. Жаңа баспаналар ауылдың орталығында орналасқан. Орта мектеп, спорттық кешен, азық-түлік дүкендері бір жерде шоғырланған.

“Бірқабатты Шығыс”  мемлекеттік  тұрғын үй бағдарламасының механизмі де өте ыңғайлы. Мердігер өз қаражатына баспана салып, мемлекетке ұсынады. Барлық тексеруден өткен соң, мемлекет қаражат бөліп, баспаналарды сатып алады. Бұндай схема бірінші кезекте жаңа салынған үйлердің сапасына үлкен кепілдеме береді.

ҚР Президент тапсырмасына сәйкес Күршім ауданында 2160 шаршы метрден тұратын баспаналар салынуы жоспарланып отыр. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен Үржар ауданында, Глубокое ауданында, Тарбағатай ауданында, Зайсан ауданында, Үлкен-нарын ауданында және Өскемен қаласының өзінде баспаналар салынып жатыр.


Ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер, көпбалалы әке Ришад Қасымбеков жұмыс істеймін деген адамға ауылдан кәсіп те, жұмыс та табылады деп отыр. Ришад қазіргі таңда, ауылда қаңырап қалған 5 этажды үйді сатып алып, азық түлік дүкенін, қойма, қонақ үй ашуды жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.


Ал, Данияр Оразиманов жеке кәсіпкер, Марқакөл ауылының тұрғыны, ҚР Президенті шекара мәселесіне көңіл бөлсе деген пікірін білдірді. Даниярдың айтуы бойынша, егер шекара бекінісін ұлғайтса ауылдың жағдайы одан бетер жақсара берер еді. Данияр қазіргі таңда орталық моншаны күрделі жөндеуден өткізіп, тұрғындардың пайдалануына беріп отыр.

Марқакөл аудан орталығы болып тұрған кезінде бұл ауылда 30 мыңдай адам тұратын. Қазір ауданға қарасты сегіз ауыл жабылды. Жалпы, ел шекарасының 13 пайызы Шығыс Қазақстан өңірінде. Соңғы 20 жылда облыстың Қытаймен  көршілес жатқан аудандарында халық саны 2-3 есеге азайды. Бұған әлемдік үрдіске айналған урбанизация, қалаға шоғырлану, жаһандану жағдайлары да әсер етті. 2020 жылдан шекаралық аймақты дамытуға арналған бағдарлама жұмыс істейді.  Күршім ауданының сол кездегі әкімі Ерлан Шораяқовтың мәлімдеуінше шекара аймақты дамыту үшін облыс бюджетінен 57 миллиард теңге қарастырылған. Оның 10 миллиарды Марқакөл ауылына арналған.

Жұлдыз Ақтанжанова, Шығыс Қазақстан облысы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар