///

Моңғолиядағы Наурыз мерекесі

2758 рет қаралды

Әлемге тарыдай шашыраған қазақтың бір бөлігі Моңғолия жерін 1865 жылдан бері мекендеуде. 1990 жылдан бері Наурыз мерекесі тұрақты тойлануда. Өткен жылдардағы мерекелерден биылғы Наурыз мейрамының ерекшелігі айтарлықтай болды. Соңғы екі жыл бойы коронавирустың кесірінен бұл ұлттық мерекеміз тойланбай қалған еді.


Баян-Өлгей аймағының орталық алаңына жиналған көпшілік мейрамға ерекше көңіл-күймен келді. Моңғол елінің бас уәлиі Л. Оюун-Эрдэнэ мырза арнайы келіп, қазақ халқын ұлттық мерекесімен құттықтады. Халық алаңға тігілген​ 12 алты қанат ақ ордадан наурыз көжеден дәм ауыз тиді.​ Аймақ орталығындағы барлық ұйымдар мен мекемелер көпшілік алдынан ұлттық киіммен шеру жасап жүріп өтті.

Баян-Өлгей аймағы 12 сұмындық әкімшілікке бөлінеді. Сұмындарда да биыл Наурыз мейрамы ерекше аталып өтуде. Барлық сұмындарда Аламан айтыстар ұйымдастырылып, ұлттық күрестен балуандар күш сынасуда. Моңғолиядағы ең үлкен бақ (ең кіші әкімшілік бірлігі) болып есептелетін Көкмойнақ бағында да Наурыз мейрамы тойланды. Бақ орталығында орналасқан мектеп пен балабақша ұжымы ұлттық киімді насихаттау мақсатында бір апта бойы ұлттық киіммен жүрді. Әр үйде қазан асылып,  наурыз көже пісірілді. Теңге ілу, арқан тарту, жаяу жүгіріс қатарлы сайыстар оздырылды. Соңынан бақ халқының жастарына кеш ұйымдастырылып, мереке айрықша көңіл-күймен аяқталды.

Тілектес Ақылбекұлы, Баян-Өлгей, Моңғолия

сурет автордыкі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар