///

Украина Қарулы күштері Бас штабы Ресейдің 15 мыңға жуық сарбазы қайтыс болды дейді. Ал Ресей?

1871 рет қаралды
фото: УНН

Украинаға Ресей армиясы басып кіргеннен бергі бір айдан астам уақытта Ресей Қарулы күштері осымен екінші рет соғыста қандай шығынға ұшырағандығын ресми түрде жариялады. Естеріңізде болса, бұған дейін 2 Наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей жауынгерлерінің 498-ы қаза болып, 1597-сі жараланғандығын жария еткен еді. 25 наурыздағы Ресейдің ресми мәліметі бойынша Украина даласында 1 351 адам қайтыс болып, 3 825 сарбаз жараланған. 

Би-би-сидің Орыс қызметі ашық деректердегі мәліметтерді саралай отырып, Ресейдің Украинадағы бір айдағы шығынын былай есептеген еді: 

Ресей кемінде 7 полковник, бірінші дәрежелі бір капитанын, тоғыз подполковник, 20 майор және  70-тен астам басқа да  офицерлерінен айрылған.

Ресми мәліметте ондаған десантниктің, Бас барлау басқармасы арнайы қызметінің 7 өкілінің, Ресейдің әртүрлі аймақтарының Ерекше қызметтің мобильді отрядының, сондай-ақ Росгвардияның арнайы қызметі отрядтарының бірнеше элиталық жауынгерлерінің қайтыс болғаны айтылады. 

Сондай-ақ, Би-би-си Ресейдің кемінде тоғыз әскери ұшқышынан айрылғанын мәлімдеп отыр. Әскери ұшқышты дайындау үшін жылдар керек, әрі миллиондаған доллар тұрады. Сондықтан, бұл мамандар кез келген армияның элитасы саналады. 

Украинаның деректеріне сүйенсек, кемінде 15  мың Ресей әскерилері қаза тапқан. Пентагон Ресей тарапының шығынын 7  мың адамға бағалап отыр. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұл цифрлар туралы жақ ашпады. 

ӘРТҮРЛІ КӨЗҚАРАС

Брифинг басында Украина жерінде қайтыс болғандардың саны бірден аталмады. Генералдар Игорь Конашенков пен Сергей Рудской әуелі “әскери операцияның” Мәскеу жасаған жоспармен жүріп жатқанын баяндады. “Арнайы әскери операция бекітілген жоспар бойынша өтіп жатыр” деді Конашенков. 

Ресей Ұлттық гвардиясының Бас штабының негізгі шұғыл әрекет ету басқармасының  бастығы Сергей Рудской Украинаның 14 мың адамынан айрылғандығын атап өтті. Алайда Украина билігі бұл цифрды жоққа шығарады. 

Британияның Қорғаныс министрлігінің күнделікті есебінде соғыс жағдайы сәл басқаша сипатталады. Оның дерегі бойынша, Украина Киевтің шығысындағы қаладан 35 шақырым жерге дейінгі қорғаныс позициясын бақылауға алған. Британдық әскери барлаушылар Украина армиясы Киевтің солтүстік-батысындағы Гостомель аэродромына қарсы шабуылды жалғастыруда дейді. Украинаның оңтүстігінде Ресей армиясы Николаевты айналып өтіп, Одессаға қарай жылжуға тырысып жатыр. Бірақ бұған Украиндардың табанды қарсылығы бөгет болуда, оның үстіне тыльдан көмек жетпей жатыр делінген есепте. 

Рудской брифингте Ресейдің біраз жерді басып алғанын мәлімдеді. “Киев, Харьков, Чернигов, Сумы және Николаев қоршауға алынған”, “Херсон облысы толығымен Ресей тарапының бақылауына өткен, Запорожье облысының басым бөлігі Ресейдің қолында” деген ол. 

Ресей генералы қоршалған аумақтарға шабуыл жасалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. “Әуелі біз бейбіт тұрғындардың және өзіміздің адамдардың шығынын азайту мақсатында қоршалған аумақтарды атқыламаймыз деп ойлағанбыз. Дегенмен, ондай мүмкіндікті жоққа шығармаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз Донбассты азат ету, барлық күшіміз бен ресурсымыз осы мақсатқа бағытталатын болады” деді ол.

БҰҰ мәліметіне сүйенсек, Украинада соғыс басталғаннан бері 1035 бейбіт тұрғын қайтыс болып, 1650 адам жараланған. Әлемдік ақпарат құралдары Мариупольдағы, Харьковтағы және Украинаның басқа да қалаларындағы тұрғын үй кварталдарының қалай жермен жексен болғандығын дәлелдейтін фото айғақтарды жариялап жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігі тек әскери инфрақұрылымдарға шабуыл жасалып, Украина жағында соғысып жүргендер ғана нысанаға алынып жатыр дейді. 

Мариуполь қаласының қалалық кеңесі бейбіт халық бомбадан жасырынып отырған драма театрының бомбаланып, онда 300 -дей адамның мерт болғанын мәлімдеген еді. Бұл ақпаратты дәлелдеу мүмкін болмай жатыр, ақпаратты тек куәгерлер ғана таратуда. Украин билігі қанша адамның мерт болғанын болжай алмай отыр, өйткені қалада хаос дейді Рейтер агенттігі. 

Ресей тарапы бейбіт тұрғындарға оқ атылмауын қадағалап жатқанын айтады. 

Украина online телеграм каналының мәліметі бойынша. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар