/

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына  ақшалай сыйлық берілетін болды

1914 рет қаралды

Мұндай ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналы таратты.

Мемлекет басшысының 2021 жылы 1 қыркүйектегі жолдауындағы   «Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн», – деген сөзі жүзеге асқанын айтқан министрлік оқушыларды олимпиадаға дайындаған мұғалімдерді де қаржылай қолдамақ. Енді халықаралық білім жарысына барған оқушылар біржолғы ақшалай сыйлыққа ие болады. Алтын медаль үшін – 4,5 млн.т, күміс медаль үшін – 3 млн.т, қола медаль үшін – 1,5 млн.т алса, жеңімпаз оқушыны дайындаған ұстазға алтын медаль – 450 мың теңге, күміс – 300 мың теңге, қола – 150 мың теңге беріледі.

Сонымен қатар, халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар