//

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының елді мекендерін су басу қаупі төніп тұр

1897 рет қаралды

2022 жылғы 31 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 23.15-те Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қаратөбе ауданының елді мекендерінде қар суының мейлінше еруі және су тасу қаупі жағдайына байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылғаны туралы мәлімдеді. Жедел желі нөмірі 55-40-88.

Кейін 23.44-те баспасөз қызметі БҚО ТЖД бастығының орынбасары полковник А. Токановтың бастауымен Қаратөбе ауданына авариялық-құтқару, эвакуациялық және шұғыл жұмыстар үшін күштер мен құралдардың жиынтығы шамамен сағат 22.00-де жолға шыққаны туралы хабарлады.

Департамент берген мәліметке сәйкес осыдан бұрын сағат 20.40-та БҚО ТЖД дағдарыс орталығында облыс әкімінің орынбасары Т.Меңдіғалиевтің төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметінің басшылары, өкілдерінің қатысуымен жедел штаб отырысы өткен. Отырыста Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы жолдарды су шаю мәселесі талқыланған.

Дәл қазіргі сәттегі басқармадан жеткен жедел ақпарат осы.

Айта кететін жәй, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің брифингі өткеннен кейін облыстың төтенше жағдайлар басқармасына хабарласқанбыз.

Сол кездегі ақпарат бойынша «31 наурыз күні 10 сағат 00 минутта (Нұр-Сұлтан уақыты):

Қаратөбе ауданы, Қаракөл а/о, Ақтайсай кентінен 2 шақырымда қардың қарқынды еруі салдарынан аудандық маңызы бар (топырақты) «Қаратөбе-Қаракөл» автожолын (ұзындығы 80 метр, ені 8 м., тереңдігі 20 см) су басып, сағат 17.00-де судың көлемі ұлғайып, автожол және бетон құрылысын шайып кетті (биіктігі 3 метр, ұзындығы 5 метр (барлығы 13 метр).

Оқиға орнында ТЖД (4 қызметкер және 1 бірлік техника) және жергілікті атқарушы органдардың (2 қызметкер және 1 бірлік техника) күшімен айрықша лентамен қоршалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Елді мекен пункттеріне қауіп жоқ. Ауа температурасы +9С. Қайта қалпына келтіру жұмыстары қар суы төмендеген соң 1 сәуірге жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардан (10 қызметкер және 3 бірлік техника), ТЖД (6 қызметкер мен 2 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі                 (1 қызметкер және 1 бірлік техника) шықты.

Шыңғырлау ауданы

31 наурыз күні 10 сағат 40 минутта (Нұр-Сұлтан уақыты) Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ а/о, аудандық маңызы бар «Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай» 39 шақырымында Ақбұлақ кентінен 10 шақырымда қардың қарқынды еруі салдарынан су басты (ені 2 метрге дейін, ұзындығы 8 метр, тереңдігі 50 см.).

Елді мекен пункттеріне қауіп жоқ. Ауа температурасы +3С. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен (2 қызметкер және 1 бірлік техника) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Судың төмендеуі байқалады.

Жергілікті атқарушы органдардан (8 қызметкер және 4 бірлік техника), ТЖД (1 қызметкер мен 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі                 (1 қызметкер және 1 бірлік техника).

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар