//

Су тасқыны – 2022: 197 ауылдық округ су тасқынына дайын емес

1353 рет қаралды

2022 жылғы 31 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің брифингі өтті, деп хабарлайды министрлік. Брифинг «Өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі, сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат» тақырыбында өткен.

Министр су тасқыны кезеңі ерекше бақылауда екенін айтып, өңірлерде елді мекендерді су басу қаупін азайту бойынша жүргізілген  іс-шаралар кешенін баяндаған.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күшімен 9 өңірдегі 49 елді мекеннің көшелері мен аула маңындағы аумақтардан 234 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылған. Елді мекендерден 10 млн. текше метрден астам қар шығарылған. 4 мың шақырым канал мен 7 мың шақырымға жуық арық, 20 мыңнан астам автомобиль және 3 мың темір жол су өткізу құрылыстары тазартылған. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар мен 900 мың қаптар дайындалған.

Министрлік және ТЖ департаменттері су тасқыны жағдайының дамуына айтарлықтай әсер ететін 60 су қоймасына мониторинг жүргізген. Бүгінгі таңда су қоймалары, орталық ал солтүстік облыстар 60-70% – дан астамға толған.

2022 жылғы 3-29 наурыз аралығында өзендердің 57 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілген. ТЖ департаменттері 2000-ға жуық елді мекенді тексеріп, оның ішінде 197 ауылдық округ әкімдеріне су тасқынына дайын еместігі туралы ескертулер берген.

Эвакуацияланатын халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелерін қабылдаудың 2 502 пункті дайындалып, маршруттар жаңартылып, көліктер анықталған.

Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекеннен су басу қаупі алынып тасталған. 385 елді мекенде қауіп азайтылған. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда.

Брифинг барысында Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылары тікелей эфирге қатысқан. Онда өңір тұрғындары мен аумақтарын су тасқыны қаупінен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылған.

29-30 наурыз аралығында республиканың 7 облысы мен 2 қаласының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді желдің салдарынан әртүрлі мақсаттағы объектілерде шатыр жабынының 297 бұзылуы тіркелген. Осының салдарынан 8 адам зардап шексе, оның ішінде 3еуі бала. 29-30 наурыз аралығында құтқару бөлімшелері 1453 адамды, оның ішінде 199 баланы құтқарып, эвакуациялаған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде ТЖМ жеке құрамнан 157 адам және 60 бірлік техника. Жедел желі жұмысы ұйымдастырылып, жалғасуда, барлығы 223 қоңырау келіп түскен, «101» және «112 пульттеріне көмек көрсету және ақпараттық сипаттағы 7 мыңға жуық хабарлама келіп түскен.

ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы айтты: ТЖ болған жағдайда 112 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар