//

Су тасқыны: Батыста екі ауданда төтенше жағдай жарияланды

2024 рет қаралды

Көктемгі қар суының күрт еруіне байланысты Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Осыдан бұрйын Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай облыс және басқарма басшылығы жағдайды бағалау мақсатында су тасқыны қауіпті аумақтарға вертолетпен шыққан.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев оқиғаның себеп-салдарын анықтау, жағдайды бақылау және тұрғындарға алғашқы көмек ұйымдастыру мақсатында Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында болған.

Су кірген 25 тұрғын үйдің иелері мәдениет үйіне көшірілсе, өзге де ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі күшейтілген. Қазіргі таңда Шалғын ауылы қатаң бақылауға алынған.

Тұрғындармен кездесіп, жағдай толық бақылауға алынғаннан кейін облыс басшысы Ғ.Есқалиев Шыңғырлау ауданына ұшып кеткен.

Қаратөбе ауданынан Шыңғырлау ауданына келген өңір басшысы су тасқыны қауіп төндірген орындарды аралап, жағдайды қатаң бақылауға алған.

Кезекшілік тәулік бойы жүргізілуде.

Облыстың төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай бүгін түстен кейін брифинг жоспарланған.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар