///

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны: Қауіптің беті қайтты

3278 рет қаралды

БҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ауа температурасының жоғарылауы және қардың қарқынды еруіне байланысты облыс бойынша 140 үй, 2 әлеуметтік нысанды су басқаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта барлық су басқан үйлер мен нысандардан су сорылып, қар суы шығарылған. 168 бас мал шығыны болған. Су басқан үйлерден 762 адам көшірілген, оның 219-ы бала.

Қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы: 494 адам, 134 бірлік техника, 8 жүзу құралдары, 31 бірлік мотопомпа, 2 бірлік тікұшақ (МИ-8 Еврокоптер) тартылған.

2022 жылғы 31 наурыздан БҚО Төтенше жағдайлар басқармасында Жедел Желі телефоны жұмыс істейді. Содан бері облыс тұрғындарынан 46 қоңырау түскен.

БҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов:

– 5 сәуірдегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында су тасқыны бірқалыпты. Су тасу қаупі төніп тұрған елді мекендер жоқ. Осыған дейін Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында су тасқыны болды. Ауылдағы бүкіл үйлерден су шығарылды. Әрі қарай келтірілген шығындар және берілетін көмек жөнінде жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың тарабынан атқарылып жатыр.

Жақсыбай және Таловка ауылдарынан Атырау облысынан арнайы шақырылған тікұшақпен келген құтқарушыларды және көршілес Бөкейорда, Казталовка аудандарынан шақырылған бөлімшелердің жеке құрамын кері қайтарудамыз.

Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі Бақтыарал ауылында Шыңғырлау (бұрынғы атауы Утва) өзенінің деңгейі 700-сантиметрден 729 сантиметрге көтеріліп, Бақтыарал ауылына қауіп төнді. Орал қаласынан арнайы топ жіберіп, Бөрлі аудандық жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдай қызметімен бірге ауылда құтқару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ауылдың ішінде су бар, бірақ аудан әкімі берген мәліметке сәйкес бірде-бір үй суға кеткен жоқ.  Шыңғырлау өзенінің деңгейі 674см дейін төмендеді.

Қаратөбе ауданының Шалғын ауылындағы  төтенше жағдай қызметі жұмысын тоқтатты. Құтқару қызметтері кері қайтарылды. Қаратөбенің Қалдығайты өзенінің деңгейі 1,5 метрге дейін көтерілуіне орай су басты. Маңғыстау облысынан арнайы келген құрамның жартысын сонда жіберіп, қауіптің бетін қайтардық.  Қазіргі таңда су деңгейі 35 сантиметрге дейін түсіп, 115 сантиметрге жетті.

Шыңғырлау ауданы бойынша төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы ол жақтан шығарылды. Судың бәрі кетті, су басу қаупі жойылды. Қазіргі уақытта Алмазный ауылына кіреберістегі жолдың үстіне құбыр, жол төсеу жұмыстары  жүргізілуде.

Қалған аудандарда жағдай бірқалыпты.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар