//

Танымал диктор Әбдірәлі Бөлебай өмірден озды

1567 рет қаралды

Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Қазақ радиосы. Әбдірәлі Бөлебай Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ерназар ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені, Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Еңбек жолын “Қазақфильм” киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастаған. Қазақ радиосында, Қазақ теледидарында диктор, дикторлар тобының жетекшісі, “Хабар” агенттігінде “Жеті күн” ақпаратты сараптау бағдарламасының және “Жаңалықтар” қызметінің жүргізушісі, “Қазақстан” ұлттық арнасы Астана филиалының дикторы, ҚР Президенті Телерадиокешенінің продюсері, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Белгілі диктор өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет етті. Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан білікті маман болды. “Оның оқыған телерадиохабарларынан өзгеше бір тыныс, кең ауқым, биязылық пен парасаттылық лебі еседі. Жүзі жылы, жайдарлы, қарапайым. Бұл теңеу Қазақ телевизиясы мен радиосы тарихынан ойып тұрып орын алған Әбдірәлі Бөлебай туралы айтылған. Кез келген ақпараттың шырайын шығарып оқитын Әбдірәлі ағамыздың бейнесі көзі қарақты көрерменнің жадында мәңгі қалары сөзсіз. Әбдірәлі ағамыздың алтын дауысы Қазақ радиосының “Алтын қорында” сақтаулы”, – деп атап өтеді радиодан.

Дереккөз: inbusiness.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар