«Қазақстанның ірі қалаларындағы әлеуметтік көңіл күй»
Әлеуметтанушылық зерттеудің нәтижелері
(желтоқсан 2010)
Жылдың басымен салыстырғанда қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйі 1,4 есе жақсарды (41,9%); 1,2 есе бейімделгіштік резервтер (85,8%) артты; 1,3 есе толеранттылық деңгейі (86,3%) жоғарылады.
«Өмір сүруге болады» – дейді қазақстандықтар. Бірақ мәселе «қалай» дегенде жатыр. «Ақша азық-түлік, киім мен коммуналды қызметті төлеуге жетеді» – 50,4%. «Ақша коммуналды қызметке жетпейді» – 18,6%. «Ақша азық-түлікке де жетпейді, үнемі қарызға өмір сүруге тура келеді» – 3,9%. Қазақстандықтардың тек 17,5%-ында «ұзақ мерзімді пайдалану тауарларының көбін сатып алу» қиындық тудырмайды және 5,1%-ы ғана өзін еш нәрседен шектемейді екен.
Бұл жағдайда толеранттылықтың шамамен 20 пайыздық жылдық өсуі байқалып отыр. Мұндай құбылыс экономикаға да қатысты көрінді. Экономика жағдайын «экономика дамып жатыр» (37,7%) деп қабылдайтындардың пікірі 1,1 есеге күшейді және «экономика дағдарыста» (19,5%) деп санайтындардың саны 1,2 есе азайды. Экономикалық оптимизм басым түсті (39,6%).
Қала халқы құрамындағы табысты топтардың арақатынасы тұрақты күйде қалып отыр. Бір жылдың ішінде бұл статистикалық ауытқушылық көлемінде ғана өзгерді. Желтоқсанда жағдайы төмендер – 50,4%, жоқшылық шегіндегілер – 22,5%, ауқаттылар – 22,6%. Бір қызығы, жағдайы төмендер үлесі Алматыда, Астанада, елдің шығысында артып отыр. Бұнымен қоса өз ахуалының жақсарғанын көрсеткен респонденттер саны жыл басымен салыстырғанда 1,2 есеге (37,6 %-ға дейін) өсіп отыр. Бағалар мен тарифтердің көтерілуіне байланысты халықтың күдіктері мен қауіптенушіліктері жыл соңында қаңтармен салыстырғанда 1,3 есеге (52,5%) азайды. Бұл қазақстандықтардың күдіктері рейтінгіндегі «көшбасшы». Осындай күдіктердің алдыңғы бестігіне тағы мыналар кірді: денсаулық жағдайына және медициналық қызмет сапасына, төмен табыс, жұмыссыздық пен баспана қиындығына қауіптенушілік білдіру,
Мониторингінің бүкіл кезеңінде алғаш рет әлеуметтанушылар ағымдағы саяси жағдаятты бағалаудағы оң көзқарастар жиынтық деңгейінің оннан бір пайызға теріс көзқарас жиынтық деңгейінен артып отырғанын (40,9% және сәйкесінше 40,2% соответственно) тіркеді.
Елдің саяси тұрақтылығына мыналар әсер етеді: «адамдардың әлеуметтік саясатқа наразылығының артуы және әлеуметтік қозғалыстырдың қарсылық көрсету белсенділігі» (38,2%, соңғы тоқсанда көрсеткіштің төмендеуі 1,1 есе), «жүйелі жемқорлық және туыстыққа сүйену» (35,7%, 1,2 есе өскен). Мониторинг нәтижелері бойынша қоғамда бірқалыпты түрде «ұстамды реформаторлардың» (43,4%) басым түсуі фонында саяси жүйені «радикалды реформалауды» (9,2%) жақтаушыларының 1,7 есеге қысқаруының және билікті жақтаушылардың 1,3 есеге (28,2%) артуының тұрақты үрдісі тіркелді. Жыл бойына жаппай наразылық көрсетулер мүмкіндігі 1,7 есеге (18,1%) төмендеді. Бірақ оқшау радикалды қарсылық акциялардың болу мүмкіндігі артып отыр – жиынтық және радикалды қарсылық көрсеткіштері жыл бойында арту динамикасын байқатты: 1,1 есе (37,1%) және тиісінше 1,5 есе (14,1%).
Мониторинг кезеңінде елдегі этносаралық ахуалды қабылдау динамикасы тұрақты түрде оң бағытта өзгеріп отырды: 1,2 есеге оң бағалардың артуы әрі теріс бағалардың төмендеуі тіркелді (48,1% және тиісінше 41,6%). Этностық шиеленіс әлеуеті 1,2 есеге (49%) төмендеді. Қоғамдық санада ұлттық құрылыстың азаматтық үлгісіне бағдарлану тұрақта түрде басым түсіп келеді (57,4%) және халықтың елдегі үштілділіктің дамуына бағдарлануы 1,3 есе (36,5%) күшейе түсті.
Аяқталып қалған жылды қабылдауда оң және бейтарап бағалау бірдей үлестен көрінді («жыл өнімді болды» – 38,7% және «жыл әдеттегідей өтті» – 38,2%). 2010 жылдың ең үздік оқиғалары – Қазақстанның ЕҚҰЕ төралығы (24%), Президенттің Қазақстан халқына жолдауы (21,5%), 2011 жылғы Азия ойындарына дайындық (21,1%).
Осы кезеңде Президенттен басқа өз лауазымында ерекше көзге түскен саясаткерлер кімдер? Бұл сұраққа әрбір үшінші қазақстандық жауап бере алмады. Дегенмен респонденттер И.Тасмағамбетовты (6,8 %), Қ.Саудабаевты (6,3 %) атады, рейтінгіде премьер-министр К. Мәсімов көшбасшы орынды иеленді (23,8 %).
Жаңа жылдың алдында қазақстандықтар күнделікті тұрмысқа қатысты сұрақтарға да жауап берді. Әрбір үшінші сауалнама беруші жаңа жылдық сыйлықтарға тек 5 мың теңге жұмсауға дайын, ал ең көп таралған тілек – өзіне және жақындарына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеу. Әрбір жетінші респонденттұрақты мемлекетте өмір сүргісі келеді. Және тек әрбір тоғызыншысы ғана жаңа жылда еңбекақының өскенін қалайды.
Зерттеу – СШИ және ҚР әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының әр ай сайынғы жобасы Географиясы – Қазақстанның 16 қаласы: Астана, Алматы және барлық облыс орталықтары Сұрыптау – 2308 адам. Статистикалық ауытқу ±1% көп емес. |
© Саяси шешімдер институты.
Парақшамызға жазылыңыз