///

Қазақстан ресейлік Сбер платформасынан геосаяси жағдайларға байланысты бас тартты

1477 рет қаралды

Бұл туралы Астанада өткен брифингте Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице министрі Асқар Жамбакин мәлімдеді.

«Геосаяси жағдайға байланысты өз жеке тәжірибемізді безбендей отырып, отандық Ұлттық ақпараттық технологиялар институтымен бірге өзіміздің ІТ платформамызда жасауды жөн деп шештік. Қазір техникалық-экономикалық негізі дайындалып жатыр. Отандық жүйеге екі-үш жылдың жүзінде көшеміз, биыл жыл соңына дейін алғашқы қызметтері дайын болады» деді ол.

2021 жылы Қыркүйектің 3-інде сол кездегі Премьер-министр Асқар Мамин және ресейлік «Сбербанк» басшысы Герман Греф  Data Driven Government концепциясын жасау, цифрландырудың платформалық моделіне көшу, Қазақстанның цифрлық трансформациясын бірлесе атқару жөнінде өзара меморандумға қол қойған еді. Бұл келісім бойынша ресейлік GovTech платформасына көшу жоспарланған болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімді стратегиялық маңызды жоба деп атағанымен, Қазақстан қоғамы тарапынан сынға ұшыраған болатын.

14 қыркүйекте Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресейге eGovты бермеуге уәде берді.

20 қыркүйекте Қазақстан «Сбер» платформасын $500 миллион долларға сатып алатынын мәлімдеген.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар