«Жырақта қалған тағдырлар»

1230 рет қаралды
7

esen kitap mukaba 1Жуықта белгілі журналист, Есенгүл Кәпқызының «Жырақта қалған тағдырлар» атты публицистикалық мақалалар жинағы «Жалын» баспасынан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді. Біз Е.Кәпқызын аталмыш еңбегімен құттықтай отырып, оқырман қауымды осы кітаппен қысқаша таныстыруды жөн көрдік. Өйткені кітаптың аты айтып тұрғандай «Жырақта қалған тағдырлар» оқушысын бейжай қалдырмас деп ойлаймыз.

Кітап екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім «Қазақ мұраты» деп үкіленген екен. Онда қазақтың көкейкесті арманы, ұлттың ұлы мұраты – ұлт болу ұйысудың жолдары, қазақ мәселесі, тіліміз бен жырым-жырымы шыққан жеріміздің тағдыры жайындағы ой толғамдары еніпті. «Әрине, ұлт тақырыбын әркім қозғайды. Әркім өзінше ой түйеді. Бірақ, бәріміздің мақсатымыз біреу, ол – қазақ ұлтының мәңгілік тарих сахнасында қалуы, ұлы империялармен терезесі тең елге айналуы» дейді автор. Еліміздің әлем картасынан ойып орын алғанына 20 жылға тақау уақыт болды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері, төл тарихын түгендеуде, ұлттық мұратын ұлықтау мен әттеген-ай дегізетін кемшіліктері журналистің өзіндік сараптауынан өткен. «Қазақ мұраты не?» деген сұраққа жауап іздейді

Кітаптың екінші тарауы «Қазақтар әлемде» деп аталыпты. Онда алыс-жақын шет елдерден тарихи отанына оралғандар тағдыры да орынды орын алған.

Бүгінде әлемнің 44 мемлекетінде қазақтар өмір сүреді. Олардың әлемге тарыдай шашырауының түрлі мәні бар. Әркім бұл тақырыпты өзінше қозғайды. Өзінше ой толғайды. Бірақ, бір нәрсе айқын. Ол – қазақтың шетке кетуіне империялардың қазақ жерін бөлшектеу мүддесі түрткі болғандығы. Ал кітап оқырманға шеттегі қазақ жайында мол мағлұмат береді әрі олардың мақсат мұратын ашып көрсете алған.

«Minber.kz-admin»

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Құтты болсын! Әрқашан ұлттың мұратын ұлықтай беретін еңберктер көбейе берсін. Есенгүл апай, кітабыңызды қашан аламыз? Студенттер қауымына тезірек жетсе екен…

  2. OOOO! Kutty bolsin! Ymani men namisi tasigan Zhengemizdin ENBEGI kulli ultimizdin ruhaniy dunyesine koskan ulesi! Endi kaydan tauip okisam bolar eken?!

  3. Құрдасым құтты болсын айтамын!Енді ол кітапты қашан оқимыз? Көкшеге жіберуді ұмытпа! Ал электронды нұсқасын жіберсең бар Көкшеге жар салар ем! Қаламың қарымды болсын ИНШАЛЛА!

  4. өткен жылы көктемде оқып шығудың сәті түскен-ді…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар