//

Қаңтар трагедиясы: Қырғынға қатынасқан әр адамға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген

1816 рет қаралды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-нде өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

«Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойынша тергеу қарқынды жүріп жатыр. Алматы облысында О және Н есімді азаматтар ұсталған, олар Талдықорған қаласындағы тәртіпсіздік жасаған адамдарды қаржыландырып, азаматтардың жеке мүлкін қиратып, залал келтіруге, мемлекеттік мекемелерді басып алуға ықпал еткен. Олар қырғынға қатынасқан әр адамға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген. Бұл факт тергеу барысында анықталып, күдіктілердің жауабы арқылы дәлелденді.
Жамбыл облысының тұрғыны Алматыда жүріп 4 қаңтарда Телеграмм канал ашып, оған санаулы сағаттың ішінде бірнеше мыңдаған адам тіркелген. Телеграмм каналды тергеу барысында тіркелушілердің тосқауыл құру туралы, Молотов коктейлін жасау және құқық қорғау органдарының өкілдеріне қарсы тұру, мемлекеттік мекемелерді басып алу туралы нақты инструктаж алғаны белгілі болды. Ал 5-6 қаңтар күні осы канал арқылы бүлікшілердің жүру бағыты мен Жамбыл облысындағы мемлекеттік ғимараттарды басып алу бағытының өзгерісі жайлы ақпарат тараған. Тергеу орындарында бұған дәлел болатын айғақ бар, күдікті ұсталған және қамауда отыр».

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар