///

Жолдың әр шақырымын жөндеуге 400 млн теңге керек пе?

1970 рет қаралды
фото: inbusiness.kz
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ еліміздің батыс өңірінде 36 шақырым жолдың әр шақырымын жөндеуге 400 млн теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр, деп жазады Qarazhat . Мемлекеттік сатып алулар порталында аталған компания автомобиль жолдарын жөндеу бойынша ашық тендер жариялады. Өтінішті қабылдау 27 сәуірде басталып 12 мамырда аяқталмақ.

Мемлекеттік сатып алу порталында құжаттың мәні былай деп көрсетілген: «Республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-144 шақырым, 108-144 шақырым учаскесі бойынша жұмыстарды ашық тендер тәсілі арқылы электрондық сатып алу». Ұйымдастырушы: «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ

«Автомобиль жолдарын жөндеу бойынша жұмыстар» бойынша бөлінген қаржы сомасы
14 миллиард 788 миллион 889 мың 698 теңге. Бұл соманы тапсырыс алушы 3 жыл бойы игеруі тиіс. Егер бұл соманы жөнделуі тиіс 36 шақырымға бөлсек, әр шақырымға 411 млн теңгеге жуық сомадан келеді екен.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» тағы бір ашық сауда жариялаған. Оған құжат қабылдау 26 сәуірде басталып, 11 мамыр аяқталуы тиіс. Оның сомасы бұдан да көп: 20 миллиард теңгеден асады. Ол да үш жыл игерілуі тиіс қаражат. Бұл тендердің мәні де жол жөндеу. «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы», аумағындағы 0-36 шақырымға дейінгі участке жөндеуден өтуі тиіс екен.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ түсініктеме береді деген ойдамыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар