//

GPA көрсеткіші жоғары жастар төменгі лауазымдық мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдануы мүмкін

2542 рет қаралды

Жоғары оқу орындар мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары көрсеткіштегі жастар аудандық және ауылдық деңгейлердегі төменгі лауазымдық мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы керек. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтеріп отыр. Бұл туралы агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты.

«Жоғары оқу орындар мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары көрсеткіштегі маман иесі атанған жастарды аудандық және ауылдық деңгейлердегі төменгі лауазымдық мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдау ұсынылып отыр. Бұл жас мамандардың ел өңірлеріне оралып, оның дамуына үлес қосуына жол ашып, аймақтарда кадр тапшылығын азайтуға ықпал ететіні күтілуде» – деді Д. Жазықбаев Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілермен кездесуінде.

Агенттік басшысының айтуынша, алдағы уақытта Президенттің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сай, Агенттік барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл сайын оның нәтижесін, яғни бюрократия көріністерін алдын алу бойынша нақты ұсыныстарды да Президент әкімшілігіне енгізеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар