Ресей Федерациясы 2021 жылы Қарулы күштері шығындарына 65.9 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 7%-ға артық. Ең көп қаржы 2013 жылы жұмсалған, 88 миллиардтан астам АҚШ доллары шығындалған.
Ал, Украина 2021 жылы 5.94 миллиард АҚШ долларын жұмсаған, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, аса көп емес. 2016 жылдан бері Қорғаныс саласына бөлінген қаржы ақырындап өсіп отырған. 2020 жылы Ішкі жалпы өнімнің 4%-ы осы салаға жұмсалған.
Екі ел арасындағы Қарулы күштері саласына жұмсалған қаржы шығынының айырмашылығы он еседен артық, яғни Ресейдің жұмсаған шығыны 90%-ға артық.
Find more statistics at Statista
2022 жылғы мәлімет бойынша Ресейдің 12.4 мың танкісі болды, бұл Украинадан бес есеге артық. Ал броньдалған машиналар Ресейде отыз мың, Украинада 12.3 мың.
Find more statistics at Statista
Дегенмен, Украинаны НАТО қолдап отыр. НАТО мен Ресейдің Қарулы күштерін салыстырып көрсек.