///

Тамара Калеева: Роскомнадзор Қазақстан БАҚ-тарының мазмұнын реттей ме?

1303 рет қаралды
фото: ortalyq.kz

Бұл сауалды “Әділ сөз” халықаралық сөз бостандығын қорғау қоғамдық қорының президенті Тамара Калеева өз фейсбук парақшасында жариялап отыр. 

Айтуынша, қазақстандық басылым NewTimes.kz ресейлік Роскомнадзордан мазмұны өте қызық хат алған. Шетелдік реттеуші аталған басылым бетіндегі британдық ВВС телерадиокорпорациясының Ресейге салынған Еуроодақтың санкциясы туралы мақаласын алып тастауды талап еткен.  Өйткені бұл Ресей заңдарын бұзады екен. Аталған мекеме ақпараттық порталға мақаланы бір тәуліктің ішінде алып тастауын талап еткен, егер алып тастамаса порталдың Ресей аумағында бұғатталатынын айтып қоқан- лоқы танытқан. Ең қызығы, Роскомнадзор бұл талабын басылым редакциясына емес, newtimes.kz сайтының хостинг-провайдеріне жолдаған.

Басылым басшылығы ресейлік оқырмандарынан айырылып қалмау үшін, аталған материалды алып тастауға мәжбүр болған: “Біздің ресейлік аудиторияның  сайттағы материалдарды оқу мүмкіндігінен айыруға құқымыз жоқ”,  — дейді NewTimes.kz сайтының директоры Дмитрий Ким.

Бұл ретте “Әділ сөз” NewTimes.kz сайтының ішкі редакциялық саясатына араласпайтынын айта отырып, дегенмен, қазақстандық БАҚ ең әуелі Қазақстан аудиториясының, (Ресейдің емес) объективті ақпараттан қол үзбеуін қадағалауы керек деп ойлайды.

Шет мемлекеттің мемлекеттік органы тәуелсіз Қазақстанның БАҚ-тарын бұғаттау туралы мәлімдеме жіберуі, біз үшін түсініксіз. Бұндай әрекеттер Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан елеусіз өтіп кетпеуі керек. Біздің Конституция цензураға тыйым салады, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар