///

Назарбаев Елбасы статусынан айырыла ма?

2214 рет қаралды
4 мамырда Конституциялық Кеңес Конституциядағы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың статусын алып тастау туралы ұсынысқа оң бағасын берді. Бұл туралы ресми ақпарат жарияланбаса да, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Берік Әбдіғали өздерінің фейсбук желісіндегі парақшасына жазды. 
 
“Бүгін Конституциялық Кеңес еліміздің Ата Заңына енгізілетін түзетулердің жобасына оң қорытынды берді.
Бұл мемлекетіміз бен ұлтымыздың болашағы үшін айрықша мәнге ие конституциялық реформаны іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас балансын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Сондай-ақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілген болатын. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жұртшылыққа аян және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді.
Конституциялық Кеңес ұсынылған түзетулердің барлық тармағын Ата Заңға сәйкес деп қорытынды жасады.
Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға бағытталған және ол барша қоғам өкілдерінің мүддесі үшін жүзеге асырылады” деп жазды Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин.
 
 
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғали:
“Конституция жобасынан бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі бап алынып тасталды
Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституциялық Кеңеске жаңа Конституция жобасынан бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі бапты алып тастау жөнінде ұсыныс енгізген.
Конституциялық Кеңес бұл уәжбен келісті.
Жаңа Конституцияның жобасынан бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі бап алынып тасталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың талабын ескеріп отыр”
десе, “Ақ жол” фракциясының депутаты Қазыбек Иса:
 
“ҚОШ БОЛЫҢЫЗ, ЕЛБАСЫ!
НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫ АТАЗАҢДА АТАЛМАЙДЫ!
Елді шулатқан: “Назарбаев Қазақстанның негізін салушы” деген негізсіз баға Конституцияға жазылмайтын болды…
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм арнасында жазды
“ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы ” заңы да жойылады.
“Тұңғыш Президент туралы ережелер еліміздің негізгі заңынан толығымен алынып тасталады”, деп хабарлайды “Қазақ үні” ұлттық порталы.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Еститін мемлекет” дегенінің тағы бір дәлелі осы болса керек!
Жаңа Қазақ Еліне жасалған тағы бір басты қадам! Түбегейлі өзгерістің, Саяси реформаның бастамасы!
Осы аптаның басында өткен “Ақ жол” фракциясы жиынында бұл мәселе талқыланған болатын. “Егер Назарбаевтың аты Атазаңға Қазақстанның негізін қалаушы ретінде жазылса, онда ата тарихымыздағы Алаш, Қазақ хандығы, Алтын Орда, арыдағы Түрік қағанаты қайда қалады?”-деген мәселе көтерілген еді…
2017 жылы еліміздің тарихы пәнін 1991 жылдан бастап оқыту қолға алынғанда қарсы болып, депутаттық сауал жасаған да тек “Ақ жол” фракциясы еді.
Енді міне, бәрі орнына келіп, әділеттілік орнады десек те болады.
Ертең 5 мамырдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында осы мәселеге нүкте қойылады!
Енді Назарбаев пен еліміздің кез келген адамының құқықтары бірдей! Иә, кәдімгі дамыған демократиялық елдердегідей барлық адамдардың қақы тең!” деп жазды.
 
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар