////

Ақпараттық майдан – ең қауіпті майдан. Ресей телеарналарының таралуына тоқтау сала аламыз ба?

1822 рет қаралды

22 жылғы 2 наурыз күні қоғамдық петициялар ресурсында «Қазақстан Республикасы аумағында ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы» петиция жарияланған еді  Қазіргі күні петицияны қолдап 6278 азамат қол қойған.

Петиция мазмұнына келетін болсақ, «Қазақстан Республикасы аумағында ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы» петиция Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Халқы ассамблеясының атына жолданған.

«2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Федерациясының билігі тәуелсіз Украина Республикасына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Бұл басып кірумен ілесе жүріп жатқан қарқынды үгіт-насихат және басқыншы әскерінің Украина аумағында жасап жатқан адамзатқа қарсы қылмыстары ресейлік телеарналарда, сондай-ақ YouTube, Telegram және т.б. сияқты әртүрлі медиаплатформалардағы арналардың аккаунттарында да көрсетіліп жатыр.

Жаппай бұрмаланған ақпарат ағыны бұрын-соңды болмаған ауқымдағы қатігездікпен күш қолдануды ақтау мақсатын көздеп, қазақстандықтардың қоғамдық пікіріне орасан зор қысым тудырып отыр. Сонымен қоса, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Әсіресе, бұрынғы орыстілді кеңестік кеңістік үшін миды улау құралы болған ресейлік телеарналардың әрекеттері кәсіби этика мен жалпыадамзаттық моральға ғана қайшы келіп қоймай, сонымен бірге Қазақстан Респуликасының Ата Заңына да қайшы келеді.

Атап айтқанда, 20-баптың 3-тармағына сәйкес «[…] соғысқа, […] қатігездік пен зорлық-зомбылыққа үгіттеуге және насихаттауға жол берілмейді». Сондай-ақ ресейлік БАҚ әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 161-бап 1-тармағына қайшы келеді: «Басқыншылық соғысты насихаттау немесе жұртшылыққа үндеу тарату – бес жылға дейінгі бас бостандығынан айырумен жазаланады».

Ресейлік ақпарат ресурстарының (тізім қоса беріліп отыр) қызметі Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен Қылмыстық Кодексін бұзатындықтан, біз олардың Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатуды талап етеміз.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтауы және осы нормаларды бұзатын шетелдік интернет-ресурстарды дер кезінде бұғаттауы, сондай-ақ қазақстандық БАҚ-қа (әсіресе ресейлік басылымдар мен интернет-ресурстардың филиалдарына) осындай бұзушылықтарға жол бермеу жайлы хабарлауы үшін ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу жұмысын күшейтуді талап етеміз.

Телеарналардың тізімі:
1 канал (соның ішінде, Всемирная сеть, Победа, Катюша),  ВГТРК (Россия, Россия-24, РТР Планета и др.),  Звезда,  НТВ (в т.ч. НТВ Мир, RTVi),  РБК,  Ren-TV,  RT».

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша Республикада 2022 жылдың 7 сәуірінде  5151  БАҚ есепке қойылған, оның: 4873 –  Отандық БАҚ, 278 –  шетелдік БАҚ. Осы есепке қойылған 278 шетелдік теле,-радиоарналардың:

205-ресейлік телеарна,

23 – Ұлыбританиянікі,

14 – АҚШ,

17 – Эстонии,

9 – Франция,

5 – Түркия,

4 – Кипр,

1-Испания елдерінікі.

Бұл мәліметтерден көретініміз шетелдік арналардың 73,74% ресей телеарналары екен. Яғни, елімізде таралатын шетелдік теле-,радиоарналадың басым көпшілігін ресейлік арналар құрап отыр. Олардың таралу тілдеріне келетін болсақ:

168  телеарна орыс тілінде таратылады,

13 – ағылшынша,

72- орыс-ағылшын тілдерінде,

4- түрікше,

3- франсузша,

3- украин- орысша,

2-орыс-татарша,

1-неміс-орысша,

3-орыс-франсузша,

1-орыс-беларус тілдерінде, басқалары  аралас  үш және оданда көп тілдерде таратылады.

Бұл жерде тағы да орыс тілінде таралатын арналар басымдыққа ие, яғни 60,43% орыс тілінде ақпарат таратады екен.

Тағы бір назар аударатын жай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымындағы №171 «Міндетті теле-радиоарналар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілген (кесте төменде). Бұл тізбенің негізінде Ресей Федерациясының «МИР», «Первый канал Евразия», «СТВ» телеарналары ҚР аумағында міндетті болып табылады.

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі

Теле-, радиоарналардың атауы Тарату аумағы
1 2 3
1. “QAZAQSTAN” Қазақстан Республикасы
2. “Хабар”
3. “Хабар 24”
4. “Balapan”
5. “Ел арна”
6. “QAZSPORT”
7. “МИР”
8. “ABAI TV”
9. “Астана”
10. “Первый канал Евразия”
11. “Жетінші арна”
12. “КТК”
13. “31 арна”
14. “Независимый Телевизионный канал”
15. “СТВ”

Қазіргі жағдай кезінде Қазақстан аумағында РФ теле-, радиоарналарының еркін таралуы ел тұтастығына қауіп төндіруі әбден мүмкін. Қазақстандықтардың арасында да әлсін-әлсін Ресейдің Украинадағы соғыс әрекетін қолдайтын, жақтайтын пікірлерін білдіретін азаматтардың бар екенін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан, ресей телеарналары ел аумағында таралуын тоқтату туралы талап уақтылы дұрыс қойылған талап деуге болады. Өйткені, ақпараттық құралдар арқылы тарайтын ақпараттың  жылдамдығы желден де тез таралады және ол ешкімді де аямайтын соғыс құралдарының бірі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі айтылған мәселеге қатысты ресми пікір білдіргені не білдірмегені, шара қабылдап не қабылдамағаны туралы ашық дереккөздерден біле алмадық.

«Қазақстан Республикасы аумағында ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы» петициясын қолдап, қол қоюға ниет еткендер үшін Петицияға сілтемені ұсынамыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар