Украина президенті Владимир Зеленский Жеңіс күніне орай видеоүндеу жолдап, халқын 9-мамыр мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Украинская правда басылымы жазды.
Парақшамызға жазылыңыз“Бұл екі армияның шайқасы емес. Бұл екі әлемдіккөзқарастың соғысы. Сковорода мұражайын атқылап, біздің философиямызды зымырандарымен жоюға болатынына сеніммен қарайтын варварлардың соғысы.
Біз балаларымыздың бостандығы үшін күресеміз, демек жеңеміз. Екінші дүниежүзілік соғыста біз үшін өмірін қиған сегіз миллионнан аса Украиндық ата-бабамыздың не істегенін ешқашанда ұмытпаймыз.
Жақында Украинада екі бірдей Жеңіс күні болады. Ал әлдекімде ешбірі қалмайды. Сол кезде де жеңген едік. Қазір де жеңеміз. Украина халқы Жеңіс шеруін – Украинаның жеңісін көреді!”- деді Украина президенті Владимир Зеленский.