9-мамыр күні Қостанай қаласында ірі өрт апаты орын алды. Бұл туралы Костанай News инстаграм аккаунтында жарияланды.
9 мамыр күні сағат 17.23-те Қостанай қаласындағы Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенді. Қатты желдің салдарынан өрт тұрғын үйлер мен жеке сектордың шаруашылық құрылыстарына тараған. 11 үй, 6 шаруашылық ғимарат пен 4 автокөлікті өрт шарпыды, оның бірі жүк көлігі. 25 адам эвакуацияланған. Өртті 21:24-те ауыздықтаған.
Өрттің себебі мен шығыны есептелуде.
Парақшамызға жазылыңыз