17-сәуір күні Алматы облысы, Сарқан ауданында 4-5 жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылған. Басы бөлек, денесі бөлек жатқан баланың денесі жайлы ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында Мінбер сайтының тілшісі Сарқан ауданы әкімінің баспасөз хатшысына хабарласты. Баспасөз қызметінің өкілі ешқандай жауап бере алмайтынын жеткізді.
Облыстық Полиция Департаментінің хабарлауынша баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Қызы церебральді сал ауруына шалдыққан, және балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған. Биыл ақпанда бала ауырып, кенет қайтыс болған. Анасы ағасымен бірге қайтыс болған қызын қала шетіне жасырын жерлеген.
Парақшамызға жазылыңыз