//

Олжас Сүлейменов: Орыс тілінен бас тартсақ Украинадағыдай елдігімізден айрыламыз

2309 рет қаралды

Халық жазушысы, қоғам қайраткері, әлем азаматы Олжас Сүлейменов “Халық Конгресі” партиясын қайта тірілтетінін мәлімдеген.

«Халық монотілді. Қазақ немесе тек украин, орыс тілінде бола алмаймыз. Біз совет одағы кезінде монотілді мемлекет ретінде қалыптасып қойдық. Өз ойымызды қазақ тілінде де, орыс тілінде де жеткізе аламыз. Сол себепті осы тілдердің бірін шектеуге болмайды. Бұл зиян. Біз қазір Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Онда дарынсыз саясаткерлер бір тіл ретінде украинды бекітті де, ақыры Украина өзінің мемлекеттігін жоғалтып алды», – дейді Олжас Сүлейменов.

Партия құрғысы келетін Олжастың оң жағында «Хабар» арнасын басқарған Ерлан Бекқожин, ал сол жағында депутат болған Омархан Өксікбаев отыр.

Жалпы «Қазақстан халық конгресі» партиясы 1991 жылы қазанда құрылған. Яғни бұл жолы Олжас Сүлейменов оны жандандырғалы отыр. Әу баста олар өзін либералды-демократиялық саяси қозғалыс ретінде көрсетті. Оның тең төрағалары ақын Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов болды. 1993 жылы Шаханов партиядан шығып, Қырғызстандағы елші атанды. 1995 жылы Сүлейменов Италияға Қазақстанның елшісі болып кетті де, партия саяси сахнадан бірте-бірте жоғалып кеткен. 2022 жылдың ақпан айының соңында Сүлейменов «Қазақстан халқы конгресі» қозғалысының жанданатынын жариялады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар