//////

   Қазақстан емес, Түркия. Жастар білімді алыстан іздейді. Неге?

3640 рет қаралды

Сoңғы кeздe  білімді өз eлінeн eмeс, шeт eлдeн іздeйтін жacтapдың қaтapы көбeюдe. Нeліктeн? Жастар шет елге кетуге неге соншалықты құмар?

Google search 2021-2022 жылдар аралығында әр елдің студенттері қай елде білім алғылары келетінін анықтаған. Картадан көріп отырғанымыздай, Қазақстандықтардың басым көпшілігі Түркия елінде оқу жайлы көп ізденеді екен.

Түркия – хaлықapaлық студeнттeр apасындa oқу oрындapымeн тaнымaл бoлып кeлe жaтқaн eл. Жыл caйын Қaзaқстaннaн Түpкия yнивepcитeттepінe oқуғa кeлeтін cтyденттepдің caны apтып кeлeді. Ocы жaстapдың өзгe мeмлeкeт eмec, дәл ocы түpік eлін тaңдayындa нe мән жaтыp? Жaстapдың көздeгeн мaқсaты қaндaй? Көптің көңілінeн шыққaн Түpкия eлінің білім бepy жүйecіндe қaндaй epeкшеліктep бaр? Қазақстандықтардың Түpкиядa білім aлyы қaншaлықты тиімді? Дәл oсындaй cayaлдap төңірeгіндe қaзaқ жaстapы aтaлғaн сұрaқтap тypacында сыp шepтeді.

Харисов Бекзат: ТҮРКИЯДА БІЛІМ АРЗАН, ӘРІ САПАЛЫ


-Менің есімім – Бекзат. 2021 жылы мектепті бітіріп, ойланбастан түрік тілін білмесем де, Түркия еліне оқуға кеттім. Қазір Стамбул қаласының “Мәдениет” жекеменшік университетінде білім алып жатырмын. Түркияға кетуімнің басты себебі, бұл жақта оқу қолайлы. Қай мамандықты таңдасаң да, Қазақстанға қарағанда арзанырақ. Білім беру жүйесі де өте жоғары. Сондықтан төленіп жатқан қаражатты толықтай ақтайды деп сеніммен айта аламын. 8 ай ішінде түрік тілін меңгеріп, қазір бизнеспен айналысып жүрмін. Сонымен қатар, Түркия еліне қыдырып келген Қазақстандықтарға гид боламын. Бос уақытымда түрлі видеолар түсіріп, instagram парақшамдағы оқырмандарыммен бөлісемін. Ерең еңбекпен тауып жатқан қаражатым оқуымды төлеуге, қыдыруыма, барлығына айтарлықтай жетіп жатыр. Ал Қазақстанда менде бұндай мүмкіндік болмас еді…

Лаула Абитаева: ТҮРКИЯНЫҢ ДИПЛОМЫ ӨЗГЕ ШЕТЕЛДЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНАДЫ

“Менің аты-жөнім Лаула Абитаева. 19 жастамын. Қазір Түркияның Испарта қаласында, Сүлеймен Демирель университетінде оқып жатырмын. Бұл жаққа оқуға компания арқылы түстім. ҰБТ және аттестат бағаларым жоғары болғандықтан, еш қиындықсыз оқуға түсе алдым. Түркия жоғары оқу орындарының дипломы Еуропа және АҚШ елдері арасында өте жоғары бағаланады. Оқу бағдарламаларының еуропалық стандарттарға сәйкес болуы, оқу құнының төмендігі мені осында оқуға жетеледі.

Студенттік визаны алу да өте жеңіл, сонымен қатар ары қарай жұмысқа орналасу бәсекелестігінде де өзіндік жеңілдіктері бар. Бұл жақтағы кампустар заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Бұл ел әр түрлі халық, дін, тағамдар, мәдениет пен өмір-салтының ортасы болғандықтан, жан-жақтан, шет елдерден достарың көп болады. Алдағы уақытта басқа елде жұмыс істегің келсе, ол жақта таныстарың мен достарың болғаны үлкен плюс деп санаймын. Сондай-ақ жаңа тіл үйренуге де жақсы бір мүмкіндік.”

Сара Әденова: ТҮРКИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ БІЛІМ БЕРІП ҚАНА ҚОЙМАЙДЫ, ӨМІР СҮРУДІ ДЕ ҮЙРЕТЕДІ

Сара Стамбул университетінде “Türkiye Bursları” бағдарламасы бойынша туризм саласында оқып жатыр. Оның айтуынша, бұл – шет елде оқығысы келетін студенттер үшін таптырмас бағдарлама, себебі, жатақхана, таңғы ас пен кешкі ас, жәрдемақы және медициналық сақтандыру сияқты барлық керекті заттармен қамтамасыз етеді. Сара туризм саласы бойынша үлкен тәжірибеге ие. Анталия және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өткен.

“Бұл елді жайдан-жай таңдаған жоқпын. География жағынан қолайлы, туризм бойынша әйгілі елдердің бірі. Жалпы, меніңше, түріктер Орта Азиядан көшкенде, әлемнің ең әдемі жерлерін алса керек, себебі, бұл елде 20-дан астам қаланы аралап шығып, әр қаланың бір-бірінен өзгеше екенін өз көзіммен көрдім. Түріктердің әдемі “para biriktirme, insan biriktir” деген бір сөзі бар, яғни бұл өмірде ақша емес, адам жинау керек дейді. Стамбул университетінде оқып жүріп, әр түрлі ұлт өкілдерімен, менен өзгеше адамдармен танысып, өзіме ұмытылмас сәттер жинадым”.

Сараның айтуынша, Түркия оның рухани және академиялық дағдысын шыңдай түскен. Соның арқасында ол сауда жағынан да білім алып, өз «Oramalım» брендін ашты. Сондай-ақ, Түркияда оқуды, өмір сүруді таңдауы қыз баласының қауіпсіздігі жағынан өте дұрыс шешім болғанын атап өтті.

 Аружан Жеңісова: СТУДЕНТТЕРГЕ ӨТЕ ҚОЛАЙЛЫ МЕМЛЕКЕТ

“Түркияда Стамбул қаласында оқып жатырмын. Бірінші курс студентімін. Мамандығым – “Political Science and Public Administration”(саясат ілімі) болып табылады. Түркияда оқып жатқаныма разымын, себебі, барлығы студенттік өмірге бағытталған, азық-түлік және киім-кешек, жергілікті метро мен тасымалдаушы көліктердің бағалары студенттер мен оқушылар үшін өте қолайлы. Бұл жаққа оқуға ешқандай компаниясыз, арнайы бағдарламасыз түстім. “Türkiye Burları” арқылы оқуға түсе алмай қалдым, ал компания арқылы оқу мен үшін біраз қымбатқа түсті.

Негізі Түркия елінде бүкіл жоғары оқу орындарында екі тілде сабақ өткізіледі. Олар – ағылшын және түрік тілі. Әдетте оқуға түсу үшін сертификат, арнайы емтихан керек емес, тек қана аттестат жетеді. Бірақ мен ағылшынша оқығым келгендіктен, жеке қосымша емтихандар тапсырдым.
Түркияда оқып жатқаныма қуаныштымын, себебі қазақстандық университеттерде оқудың бағалары өте жоғары. Қазақстанда жылына 1-2 миллионға дейін болса, Түркияда 100-200 мыңдай ғана төлейді. Климаты да қолайлы, адамдары да өте қарапайым. Осыны ең басты артықшылықтары деп ойлаймын.”

Study-con сайтының мәліметіне сәйкес, Түркияда оқу құны жылына 300-600 доллардың айналасында екен. «Türkiye Bursları» бағдарламасы қазақстандық студенттерге тегін білім алуға, сонымен қатар шәкіртақы түріндегі ай сайынғы төлемдерді алуға мүмкіндік беретінін жоғарыда кейіпкерлеріміз де растады. Мысалы, медицина, инженерлік технологиялар, әлеуметтік ғылымдар және тағы да басқа салалар бойынша студенттерге қолжетімді бағада сапалы білім ұсынатын Стамбулдағы Коч, Боазичи, Билкент, Эге, Акдениз университетері Түркияның ең мықты ондығына кіреді екен.

Басқа елдермен салыстырғанда Түркияда білім алу өте тиімді. Егер білім беру бағдарламаларының бағасын, мысалы, Қазақстанмен салыстыратын болсақ, Түркияда олар шамамен екі есеге, ал кейде үш есеге төмен.

Түркиядағы білім беру бағдарламаларының орташа құны:

— Бакалавриат: 2,400-ден 14,500₺ дейін (100,000–640,000 ₸)

— Магистратура: 2,800-ден 5,800₺ дейін (120,000–250,000 ₸)

— Докторантура: 5,600-ден 11,000₺ дейін (240,000–450,000₸)

— Тіл курстары: 1500-ден 4800₺ дейін (70 000–214 000 ₸)

Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы студенттер саны екінші жыл қатарынан азайып келеді. 2022 жылы 112 мыңнан астам қазақстандық студент университеттерді бітірмей тастап кеткен. Алматыдағы жоғары оқу орындарында білім алу құны орта есеппен 30 пайызға қымбаттаған, яғни шамамен 4 мың долларды құрады. Ал бұл жоғары білім тек табысы орташадан жоғары адамдар үшін қолжетімді болады дегенді білдіреді. bilimdinews.kz ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 оқу жылында Қазақстан Республикасында 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді, бұл бір жыл бұрынғыдан үшке аз. Студенттер оқуын тастап кеткендердің 10-нан 1-і қаржылық қиындықтарға байланысты оқудан шығып кеткен. Мемлекеттік білім гранты арқылы 196 084 адам білім алады, бұл студенттердің жалпы санының 34 пайызы. Демек, бүгінде грантқа үміт артқан оқу озаттары да, бай ата-ананың балалары да Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуға үміттене алады екен.

Steppe басылымының мәліметіне сәйкес, оқу бағасы жағынан ең қолжетімді университеттер Шымкентте орналасқан: академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Мирас» университеті және Әуезов атындағы ОҚМУ. Олардың біріншісінде білім алуға кететін ең төменгі орташа шығын 165 405 теңге. Ал ең қымбат университеттердің үштігіне КИМЭП, ҚБТУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы кіреді. Бұл университеттерде оқудың орташа құны жылына 2 926 169 теңге.

Сондай-ақ, мамандыққа байланысты қарастыратын болсақ, оқудың ең арзан жолы – бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша оқу болып шықты. Оқытудың орташа құны – 251 500 теңге. Ал ең қымбаты – ҚБТУ мен UIB-де оқытылатын Data Analytics (2 130 000 теңге). Ал нақты салаларға келетін болсақ, топ 5 ең қымбат мамандықтарға data analytics, халықаралық қатынастар, журналистика, қаржы және экономика салалары кіреді екен.

Осы ақпаратты саралай келе, Қазақстандық жастардың көбісі бейнелеу өнері және сызу мамандығына қарағанда әлдеқайда престижді мамандықтарды оқығысы келетіні анықталды. Ал ол салаларда оқудың құны елімізде өте қымбат болғандықтан, жастар шет елде оқуды таңдайды. Ол жақта дәл сол мамандықтарды 3-4 есе арзан бағамен оқуға болады.

Бұл жалпы университеттерге де қатысты дүние. Жастардың көбісі Шымкенттегі қарапайым университеттен гөрі атақ-даңқы шыққан КИМЭП, ҚБТУ, UIB сияқты рейтинг бойынша озық университеттерде оқығанды дұрыс санайды. Әрине, бұл қоғамға тән құбылыс болғанымен, еліміз үшін үлкен бір мәселе. Қазақстандық жастардың басым көпшілігінің Түркияда оқуға кететінінің басты себептерінің бірі де осы болып тұр деген қорытынды жасауға болады. Еліміздегі университеттердегі оқу бағасының сондай қымбат болуын білім сапасының жоғары деңгейде болуымен, білікті мамандардың, тәжірибесі мол профессорлардың көп болуымен тікелей байланыстырады, алайда бұл қазақтстандықтардың шет ел аттанып, сол жақта оқуына, кейін сол жақта қалып, өмір сүруіне еш кедергі келтіріп жатқан жоқ.

Алуа Агайдарова,

Жұлдыз Ержанқызы,

СДУ, Журналистика мектебінің студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар