28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», – деп хабарлады Антикор.
Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.
Дереккөз: 7kun.kz