/

Сауда министрі нені мойындады? Қант тапшылығы біте ме?

1448 рет қаралды
slovodel.com
slovodel.com

Көптен бері әлеуметтік желі беттерінен қант тапшылығы мәселесі жоғалып кеткен еді. Соңғы аптада тағы пайда болды. Мінбер сайтының тілшісі шағын зерттеу жасап көрді. Алдымен қарапайым тұрғындардан сауалнама алдық.

“Қантсыз шәй іше алмаймын. Бірақ соңғы кезде бағасы ұшып кетті. Бүгін ғана 1 кг қантты 600 теңгеге алдым. Не сұмдық?”-дейді ауыл тұрғыны Нұржан Джаршанов.

“Бұрын қантсыз дастарханды елестету мүмкін емес еді. Қазір бағасы қымбаттаған соң, тіпті сатып алуды қойдық”-дейді Гүлбар апа.

“Мені тапсырысқа торт пісіремін. Қанттың қымбаттағаны менің кәсібіме де кері әсерін тигізіп жатыр. Торттың бағасы өсті. Тұтынушыларымның қалтасына айтарлықтай салмақ түсті”-дейді жеке кәсіпкер Елнур Мураткызы.

Қарапайым тұрғындардың пікірін естіп, білдік. Ал дүкен иелері не дейді?

“Иә, қанттың 1 кг қанттың құны 600 теңге. Бағаны аспаннан алып жатқан жоқпыз.”- деп жауап берді дүкен сатушылары.

спутник казахстан

Ал күні кеше ғана ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады. Бұл туралы “Ашық диалог” порталындағы жауабында белгілі болды.

Министр елімізде қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты туындап отырғанын жеткізді . ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген екен. Министрдің ссөзінше “ҚТЖ” ҰК” АҚ бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында қант тиелген 152 вагон (10 мың тоннадан аса) келе жатқанын, 58 вагон түсіру орнына жеткенін, 94 вагон межелі станцияға 7 тәулік ішінде келетінін айтқан.

“Биыл 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласына “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) келіп түсті. Ал 30 мамырда Нұр-Сұлтанға келген қантты Magnum сауда желісі сатып алды, ол бөлшек сауда орындарына жеткізіліп жатыр”, – деді министр.

Қанттың бағасы қаншалықты өспек? Мінбер сайты бұл тақырыпты үнемі бақылауда ұстамақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар