31-мамыр күні Талдықорған қаласының әкімдігі @taldykorganakimat инстаграм парақшасында
“Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні балалар үшін қоғамдық көлікте
жүру тегін болады”-деген хабарлама жасаған еді.
Бірақ автобус жүргізушілері бұл талапты орындамаған. Балалардан жолақысын талап етіп жатқан автобус жүргізушілерінің видеосы @taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Ал ашуға булыққан ата-аналар Талдықорған қаласы әкімдігі жариялаған хабарламаның астына балаларынан жолақысын талап еткен автобус нөмірлерін де қалдырып жатты.
Ал бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми парақшасында балалардан жолақысын алған автобус жүргізушілері кешірім сұрағаны жайлы жазба жариялады.
“1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні, балалардан жол ақысын талап еткен қоғамдық көліктің жүргізушілері анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және сәйкесінше ескертулер берілді.”-делінген жазбада.
Парақшамызға жазылыңыз