Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми парақшасында жарияланды.
“Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімов іздестірілуде. Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда агенттік телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз”-делінген хабарламада.
Және антикор жазбаға байланыс номерлерін тіркеген:
call-центр 1424,
+7 (7172) 909 260,
+7 (727) 278 7300,
+7 (707) 978 0808
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы беріледі делінген жазбада.
Бүгінгі күні 1 АЕК-3063 теңге. Ал 4000 АЕК-12 252 000 теңге.
Парақшамызға жазылыңыз