/////

Бақытты отбасы: Биыл мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға басымдық беріледі

4518 рет қаралды
2

“Мінбер” сайты Инстаграм желісінде “Отбасы” банкінің көп балалы отбасыларға арналған “Арендалық субсидия” бағдарламасы жайлы тікелей эфир өткізген еді. Тікелей эфирдің қонақтары “Отбасы банкінің” басқарма төрайымы Ләззат Еркінқызы мен аталған банкінің Маркетинг департаментінің қызметкері Мақсат Зайытов. Назарларыңызға осы эфирде болған әңгіменің жалғасын ұсынбақпыз. 

Мінбер.кз: Көрермендер көптеген сұрақ қойып жатыр. Солардың бірі әскери адамдарға арнайы бағдарлама бар ма? Сондай-ақ, «Бақытты отбасы», «Шаңырақ»  бағдарламалары туралы да сұрақтар көп. Банктің басқа да бағдарламалары туралы қысқаша айтып өтсеңіздер?..

Мақсат Заитов: «Бақытты отбасы» бағдарламасынан бастайық, бұл бағдарламада 3 санат бар олар: көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар. Биыл мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға басымдық беріледі. Оның себептерін алдағы уақытта айтамыз. «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарын қысқаша айта кетсек, бастапқы жарна құны 10  % болса,  несие 2 % -бен беріледі. 10% дегеніміз, егер пәтер 10 миллион болса, сол соманың 10% яғни 1 миллионын құйып қалғанын несиемен төлесе болады. Бұл бағдарламаға байланысты 20 маусымнан – 19 шілдеге дейін  онлайн түрде өтінім қабылданады. Бұл туралы біздің банк парақшасында ақпараттар бар.

Әскери қызметкерлерге арналған «Әскери баспана» деген бағдарлама бар. Оның 2 бағыты бар, бірінші бағыты 8/15. Бұл бағытты көп адам күтеді өйткені, алғашқы жарна 15%, ал несие 8% – бен беріледі. Бұл бағдарламаға да өтінімдер онлайн түрде қабылданады. Әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін мемлекеттен алатын болғандықтан, осы тұрғын үй төлемдерін жинап жүрген әскери адамдардың баспаналы болуға мүмкіндігі көп. Бұл бағдарламаны жаз мезгілінде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, бұл туралы да толық ақпарат парақшамызға жарияланады. Екінші бағыты  6/50 деген бағыт, егер азамат тұрғын үй төлемдерін жинап жүрсе, үстіне ақша қосатын мүмкіндігі болса, онда үй бағасының 50% құйып, қалған сомасын 6   % несиемен төлеуге болады. Бұдан басқа да бағдарламалар бар, олар туралы толық мәлімет парақшада.

Ләззат Еркінқызы: Бүгін бізді тікелей эфирден көріп отырған көрермендерге эксклюзивті ақпарат айта кетейін «Әскери баспана» бағдарламасы 19 шілде күні басталады деп жоспарланып отыр, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аяқтала саласымен, әскерилердің бағдарламасын қолға аламыз. Негізі 2 жыл бойы «Бақытты отбасы» мамыр айында басталып, үміткерлерді сол кезде шақыратынбыз. Енді 2022 жылғы жақсы жаңалық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен қаңтар айында үлкен жоба басталды.   Алдымен ережелердің жазылуын күттік, сосын онлайн платформа жасадық.  18 сәуірден бастап алғашқы 40000 адамға SMS жібердік, одан кейін 60000 адамға SMS жіберілді. Осы айда тағы да отбасыларды шақырамыз деп жоспарлап отырмыз. Осы үшін  «Бақытты отбасы» бағдарламасы 1 айға   шегеріліп отыр.

Мінбер.кз: Жалға беретін үйге субсидия беру бағдарламасына оралсақ, бұл бағдарламаға өтініш беру үшін тұрғындар  жергілікті жерде тіркеуде болуы міндетті ме?

Мақсат Заитов: Банк тарапынан қойылатын шарт әкімшіліктің пәтер кезегінде тұру, тіркелу жағын біз қадағалай алмаймыз. Бірақ жергілікті әкімшілікте пәтер кезегінде тұру үшін жергілікті жерде тіркеуде тұру керек екені айтпаса да белгілі.

Мінбер.кз: Көрермендеріміз қандастарға қандай да бір бағдарлама бар ма, деп сұрақ қоюда. Әлеуметтік қызметкерлерге яғни мұғалімдерге арналған бағдарламаларыңыз бар ма?  «Ұмай» бағдарламасы қайтадан бастала ма ?

Ләззат Еркінқызы: Егер мұғалімдер мемлекеттік мектептерде қызмет атқарса, кезекке барып тұруға рұқсат етіледі. Заң бойынша мұғалімдер бюджеттік қызметкерлерге жатады. eGov.kz порталы арқылы өтініштерді элоктронды түрде жіберуге болады. Қандастарға арнайы бағдарлама жоқ, оларға да заң бойынша кезекке тұруға рұқсат. Қандастарымыз да егов арқылы электронды түрде тұра алады. Тұрғаннан кейін біздің «Шаңырақ», «Нұрлы жер» деген бағдарламаларға өтініш бере алады. Қазір жергілікті әкімшіліктер үйлер салып жатыр, сол үйлерді арзан бағада өз бағдарламаларымызға қосамыз. Қандастар мен мұғалімдер баспана алу үшін ең алдымен кезекке тұруы қажет.

Мақсат Заитов: Содан кейін міндетті түрде Отбасы банктен депозит ашып ақша жинап, әр дүние еңбекпен келетінін түсінген абзал. Отбасы банктің басты мақсаты азаматтарға баспаналы болуға мүмкіндік беру, баспаналарды қолжетімді ету. Барлық азаматтар біз үшін бірдей, заң бәріне ортақ. Егер санаттардың біріне сәйкес келетін азаматтар болса, кезекке тұрып,  мемлекеттік бағдарламаға қатысуына болады. Бізде қолжетімді баспана баспалдағы бар соған байланысты әркім өз табысына байланысты бағдарлама  таңдай алады. Ешбір санатқа жатпайтын азаматтарға да арналған  бағдарламарымыз бар. Бәріне қойылатын 3 қана талап бар: қажет соманың 50 пайызын 3 жылдың ішінде жинақтау, бағалау көрсеткіші дұрыс болуы қажет, яғни сіздің табысыңыз қаншалықты тұрақты екенін қадағалаймыз.  Егер осы 3 шартты орындайтын болсаңыз, сіздің табысыңызды жеңілдетілген формамен (табысты растамай деп айтуға болады) есептейміз. Яғни, сіздің кім болып жұмыс істейтініңіз маңызды емес, мейлі дүкенде сатушы болыңыз, мейлі әскери адам болыңыз біз үшін барлық салымшы тең. Несие бойынша да жеңілдетілген 3,5%  дан, 5% дейін береміз бұл бізде тұрғын үй займ шарттары, сонымен қатар аралық займы деген бар, несие бойынша үстемақы 7,5% дан 8,5% ға дейін. Жаңа үй аласыз ба, пайдаланылған үй аласыз ба өз еркіңіз. 3 жыл жинайтын уақытыңыз болмаса, мәселен 1 бөлмелі үйде тұрып, үлкенірек үй керек болса, өз үйіңізді сатып, одан түскен ақшаны бастапқы жарна ретінде салып 50%-ын бірден аралық займмен несие алуға болады. Жоғарыда айтып кеткен бағдарламаның бәрі алдын-ала заим деп аталады. Мемлекеттің көмегі барша Қазақстан азаматтарына берілген. Яғни, әр салымшыға жыл нәтижесі бойынша 20 пайыз көлемінде сыйлық ақы қосылады. Мәселен, сіздің депозитіңізде 200000 теңге болса 20 пайыздық сыйлықақымен 40000 деген қосылады.

Мінбер.кз: Субсидия тақырыбына оралайық, сіздер банк болғаннан кейін субсидия бермес бұрын азаматтың несие төлеу тарихына қарайсыздар ма?

Ләззат Еркінқызы: Біздің бағдарлама бойынша азаматтың несие тарихына немесе қай банкке қанша төлеп жатқанына қарамаймыз. Табысына қарап, табысы аздау болса, рұқсат береміз.

Мінбер.кз: Кредиттік баспана деген бағдарлама бар ма?

Ләззат Еркінқызы: Ол бізде «Нұрлы жер КЖ» деп аталды. Қарағанды облысы бойынша Балқашта болып жатыр, Қарағанды қаласының ішінде жыл біткенде тағы да обьектілер болады. Әкімшілік бізге алдағы 3 ай бойынша ақпарат береді, қашан бітіретіні туралы, соған байланысты біз конкурс ұйымдастырамыз.

Мақсат Заитов: Бұл жерде әр аумаққа, ар ауданға байланысты. Бұл бағдарлама бойынша үйлер жергілікті бюджеттің ақшасына салынады. Оларды отбасы банк арқылы жеңілдетілген бағамен сатады. Неге тегін емес,  несие дегенге келсек, ақша қайтарылуы керек, оған қайтадан тура сондай үйлер, мектептер салынады. Бұл экономика дамуының бір көрсеткіші. Біздің порталымызда барлық ақпарат бар. Субсидия тақырыбына оралсақ, оған өтініш беру біздің порталда жүзеге асады. Тағы айта кететін жайт,  бұл бағдарламаға қатысу үшін сіздің депозитіңіз болуы шарт. Депозит ашу үшін банкке келіп қажеті жоқ. Телефоныңызға Отбасыбанк қосымшасын жүктеп, сол арқылы үйіңізде отырып онлайн ашсаңыз да болады. Сонымен қатар,  үйіңізге немесе жұмыс орныңызға кеңесшіні шақырсаңыз да болады, ол кеңесші сізге қандай бағдарлама бар екенін түсіндіріп айтып береді. Егер сіздің интернетіңіз дұрыс істемей, компьютеріңіз жоқ болып, онлайн өтініш беру мүмкін болмай жатса, біздің кеңес беру орталықтарына баруға болады. Біздің кеңесшілер толық түсіндіріп айтады. Олар жоспар бойынша жұмыс істейді, белгіленген аймаққа, белгіленген тапсырма бойынша жұмыс істейді. Кеңес орталықтары туралы толық мәліметті порталымыздан біле аласыздар.

Ләззат Еркінқызы: «Ұмай» бағдарламасына бөлінген қаражат толықтай игеріліп кетті. Енді 25 шілденің жоспары бойынша 3 транш келеді, сол уақытта ақпарат береміз.

Мақсат Заитов: Бұл бағдарлама туралы толықтыратын болсам, бұл бағдарлама әйелдерге арналған. Бұның бір ерекшелігі бастапқы жарна құнының төмендігі, бар болғаны 15 пайыз.

Мінбер.кз: Субсидия алғаннан кейін, сіздердің басқа да бағдарламаларыңызға қатысуға бола ма?

Ләззат Еркінқызы: Болады, сіздерді ешкім пәтер тізімінен алып тастамайды. Несие бойынша пәтер алғанда, біз мемлекеттік ақпараттық системадан азаматтың пәтер сатып алғанын көргеннен кейін сол күннен бастап жалдау төлемдерден шығарамыз.

Мінбер.кз: Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бойынша өтінішті қандай порталдарға немесе қандай сайттарға бере аламыз?

Мақсат Заитов: Айтып кеткеніміздей Otbasybank.kz порталымыз бар, азаматтарымыз өзінің электронды қол таңбасы арқылы кіреді және өтініш береді. Өтініш берушінің міндетті түрде депозиті болуы керек. Депозит ашудың 5 жолы бар, олар: филиалдан ашу, кеңесшілер арқылы ашу, мобильді қосымша арқылы ашу, Call center арқылы ашу және соңғысы интернет жоқ, кеңесшілер бара алмайтын ауылдық жерлерде Қазпочта арқылы ашуға мүмкіндік бар.

Мінбер.кз: Өздеріңіз көріп отырғандай сұрақтар өте көп. Сіздерге сұрақ қойғысы келетін адамдар сұрақтарын қайда жолдай алады?

Мақсат Заитов: Бізде арнайы бөлім бар сұрақтарға жауап беретін, Call center 300 деген нөмірге ұялы телефон арқылы тегін қоңырау шалсаңыздар болады. Қазір дамып келе жатқан видеоарқылы да хабарласып сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға да сұрақ қойсаңыздар болады. Оның үстіне 1500 кеңесшіміз бар, сіздерге күні-түні ақпарат беруге дайын

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Тікелей эфирді жүргізген Риза Исаева,

мәтінін дайындаған Назым Дүтбаева

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Салеметсиздер ме Калаи тиркелемиз Бакытты отбасына

    • Біздің инстаграмдағы аккаунтымызға тіркеліңіз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар