ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді. Қазақстан халқы Украинадағы Ресейдің арнайы операциясы туралы не ойлайтынын ашып айтты.
“Бұл жағдайға қатысты түрлі пікір бар. Қоғам ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық көрінеді. Сондықтан, түрлі пікірлер айтылады. Атап өткім келетіні: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы”.
Президенттің айтуынша егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді.
Парақшамызға жазылыңыз“Осы принциппен біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамай отырмыз. Бұл қағидат Луганск пен Донецк сынды квазимемлекеттік бірлестіктерге қатысты да қолданылады”, – деп тікелей жауап берді Тоқаев.