////

Қазақстан билігі «Қаңтар қырғыны» кезінде сырттан келген әскерге қанша қаржы жұмсады?

2852 рет қаралды
фото: abai.kz

Бұл туралы журналист Мият Кәшібай өзінің телеграм каналында жазады.

Маусымның үші күні Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-мен 182,3 млн теңге және Sanzheli ЖШС-мен 15,1 млн теңге тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Мемсатып алу порталындағы ақпаратқа қарғанда, екі келісімшарт та «Қаңтар қырғыны» кезінде Қазақстан билігінің шақыртуымен елге кірген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскеріне жұмсалған шығынды өтеу мақсатында жасалған. 

Екі келісімшарттың да техсипаттамасынада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қаулысы тұр. Қаулыда «Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы Кәсіпкерлік және инновациялар басқармасына жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы соммасы 197 454 551 теңге бөлсін, оның ішінде ҰШҚҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері мүшелерін тамақтандыру жөніндегі шығынды өтеуге 15 127 542 теңге, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде  ҰҚШҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу кезінде әуеайлақтық және жер үстінде қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметтер үшін 182 327 009 теңге қаражат бөлсін» делінген. 

«Қаңтар қырғыны» кезінде ел аумағына ҰҚШҰ-ның 2 мың әскері кіргені белгілі. Мына қаулыға қарағанда, ҰҚШҰ әскерінің шығынын Қазақстан көтерген.

Ал ҰҚШҰ жарғысының ұйымды қаржыландыруға қатысты бабында «Мүше мемлекеттер өз өкiлдерi мен сарапшыларының ұйым органдарының кеңестерiне, отырыстарына және ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн басқа да iс-шараларға қатысуымен байланысты, сондай-ақ өкiлеттi өкiлдердің қызметiмен байланысты шығындарды дербес түрде атқарады» деген тармақ бар. Осы тармаққа сүйенер болсақ, Қазақстанға әскер жіберген елдер шығынды өз мойнына алуға міндетті. Бірақ Алматы әкімнің қаулысына қарасақ, ҰҚШҰ әскеріне кеткен шығынды Қазақстан өзі көтерген.

Мият Кәшібай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар