//

185 адам тағдыры сіздерді бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз, Зауытбек Тұрысбек мырза

2087 рет қаралды

Дүниежүзілік қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков,
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, “Отандастар” қорының Төрағасы Әділ Қапанұлы Тұрсынов мырзалар сіздерге

АШЫҚ ХАТ

Моңғол елінің Баян-Өлгий аймағында тұратын қандастар атынан жалынды сәлем жолдаймын.
Осы аймақтағы балалар мен жеткіншектерге демеушілік көрсететін біздің Одақ осы аймақтан ҚР-ына көшіп барып белгілі бір себептермен қайта келіп Моңғол елінің азаматтығын көп жылдар бойы ала алмай отырған адамдардың өтініші бойынша тізім жасадық.
Бүгінгі жағдаймен 74 бала, олардың ата аналары 60, кәмелетке толған 50 барлығы 185 адам Моңғол елінің азаматтығын қайта алуға ниетті. Бұл адамдар ҚР-ның азаматтығынан шыға алмай, Моңғол елінде тұрақты тіркеуде тұра алмай келеді. Сол себептен Сіздерден өтінеріміз:
1. ҚР-ның Моңғол еліндегі елшілігі қызметкерлерінің Баян-Өлгий аймағына келіп, азаматтардың құжаттарын қабылдауға ықпал етсеңіздер. Өйткені, не ары емес, не бері емес жағдайда қалған бұл адамдардың Баян-Өлгий аймағынан 1243 шақырым жерде жатқан Ұланбатыр қаласына барып-қайтуына қаражаттары жоқ. Құжат қабылдауды Өлгий қаласының өзінде ұйымдастырса, бұл жағдайды біршама жылдамдатқан болар еді.
2. Қазақстан азаматтығынан шығу үшін әр адам $140 АҚШ долларын төлеуге мәжбүр. Сол үшін  Улаанбаатар қаласындағы ҚР-ның елшілігіне барып келетін жол қаражаты жоқ, жұмыссыз ҚР азаматтарына қаржылай көмек жасауға қол ұшын созсаңыздар.
3. Моңғол елінің азаматтығын алуға ниетті 185 адамды ҚР-ның азаматтығынан жеңілдетілген түрде шығаруға көмектессеңіздер екен. Құжат жинаудың азабы бұл адамдардың жылдар бойы азаматтықтан шығуына мүмкіндік бермей келеді.
4. ҚР-ның Моңғол еліндегі елшілігінің өкілін Баян-Өлгий аймағында тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етсеңіздер.

Бұл 185 адам қазір екі елдің арасында сандалып жүр. Бұл адам тағдыры, осы адам тағдыры сіздерді бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз. Сол себепті Сіздерден бір көмек болады деген ниетпен осы хатты жолдап отырмыз.

Моңғол, Баян-Өлгий аймағы,

“Хараацай төлөвшил”

(Қарлығаштарға қамқорлық)

Одақ Төрағасы Доман Қабанұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар