/

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

2404 рет қаралды
inform kz
inform kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндалды.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен өңдеу секторын дамытуға баса мән беріледі. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, минералды шикізатты өндіру және өңдеу саласында құны 730,3 миллиард теңге болатын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында 3440 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Президентке өңір экономикасын дамыту үшін туризм саласының мол әлеуеті бар екенін айтты. Бүгінде Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымдарды дамытуға, Балқаш көлі бағытындағы жол құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Президент облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру маңызды екеніне назар аударды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өңірдегі суармалы алқаптарды ұлғайтуға бағытталған ирригация жүйелерін жаңарту, қолжетімді баспана құрылысының көлемін арттыру, жолдарды жөндеу, облыстағы елді мекендерді газбен қамту, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту, педагогтар мен дәрігерлердің тапшылығын жою сияқты бірқатар өзекті мәселені шешу қажет екенін айтты.

❗️ Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа азаматтардың түйткілді проблемаларын шешу және Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Дереккөз: t.me/bort_01

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар