////

Күршімдегі жағдай қайталанбасына кім кепіл? Бірқабатты Шығыс бағдарламасымен салынған үйлер газ пешінің қауіпсіздік ережесіне сай екендігіне сенбейді

4577 рет қаралды

Зайсанда 2019 жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен қолданысқа берілген үйлердің тұрғындары шағымдарын жеткізді. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен бұл үйлерге көпбалалы, аз қамтылған отбасылар қоныстанған болатын. Көпбалалы аналар ас үйде орнатылған газ пешінің қауіпсіздік ережесіне сай екеніне сенбейді.

«Зайсан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы Сегізбаев Аян Әбетайұлының түсіндіруі бойынша, «Бірқабатты Шығыс» үйлері 2019 жылы жоба ретінде салынған. Газды үйге кіргізу, пеш құрылғыларын орналастыру бойынша жөндеу жұмыстарын  «Газ-Транзит» ЖШС-і атқарған. Ал үйді салған мердігер «СМУ Шығыс». Қауіпсіздік техникасы сақталған. 2019 жылы үйді қабылдап алғанда барлық құжаттарға қол қойылған, тексерістен өткен. Жобаға сәйкес деп жауап берді.

Раушан, көпбалалы ана:


– Газ пешін ас үйден қауіпсіз жерге, мысалы кіре беріс бөлмеге орналастырып беруін сұраймыз. Үйде кішкентай балалар бар. Алаңдаймыз. Тіпті жұмысқа баратын кезде көршілерімізге тапсырып кетеміз. Біз осы мәселені басшылыққа жеткізген кезде, мердігер компания жөндеп береміз деп келіскен болатын. Қазір сөздерінен тайып кетті, жасамаймыз деп отыр. Күршімдегі сияқты біздің де жарылып кеткенімізді тосып отыр ма? Қыс уақытында пешті толық қосуға қорқамыз. Бізден кейін салынған үйлердің пештері кіре берісте орналасқан. Біз, 36 үйдің тұрғындары сотқа талап арыз жазамыз» – деді.

Әділ Пшенов «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бұл адамдардың талабын орынды деп есептеймін. Орта есеппен есептегенде жөндеу жұмыстарына бар жоғы 4 миллион ғана қаржы кетеді екен. Және бұл үйлерде тұрып жатқан адамдардың айтуынша газ қазандықтарында ауа сорғыш жоқ. Оның бар жоғын анықтау үшін біз Зайсан Тұрғын үй коммуналдық мекемесіне сұрау жібердік. Жауабын күтеміз.

2021 жылы дәл осындай жобамен, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған Күршім ауылындағы үйлерде бір емес, екі пеш жарылған болатын. Пештер жоба бойынша ас үйде орналасқан.

Естеріңізде болса, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы туралы біз бұған дейін де жазған едік.

Жұлдыз Ақтанжанова, 

ШҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар