///

Сейітқазы және Әсет Матаевтар ақтала ма?

3816 рет қаралды
фото: Айдар Олжаевтың фейсбук парақшасынан
“Жаңа Қазақстанда шынымен әділдік бар. Бұйырса, жақын арада Сейтказы Матаев пен Asset Matayev толық ақталып, олардың досьесінен “сотталған” деген белгі түгел алынып тасталуға жақын” деп жазды журналист Айбар Олжаев фейсбук парақшасына.
“Жаңа ғана Бас прокуратура істі қайта қарау бойынша Жоғарғы Сотқа арыз түсірді деп жазды, осы істің адвокаты Жохар Өтебеков.
Қазақстан журналистер одағын көп жылдан бері басқарған Сейітқазы ағамыз да, замандас досымыз, әріптесіміз, ҚазТаг-тың қазіргі бас директоры Әсет те олигархтық, кландық жүйенің, рейдерліктің бар езгісін бастан кешті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті қолшоқпарына айналдырған кісі көпе-көрінеу жала жаптырып, істі қолдан құрап, қоғамның наразылығына қарамай, жемқорлыққа ешқашан қолын былғамаған ел азаматтарын соттатып жіберді.
Сейітқазы аға өмірдің бар сынағына шыдады. Морт сынбады. Уақыт оның да, Әсеттің де жазықсыз екенін көрсетті. Олар Жаңа Қазақстанға ешкімнен именбей, жүзімізге тіке қарап, адал кірді. Ал оларды соттатқандар қуыстанып, елге симай қашып жүр.
Аққа Құдай жақ. Шындық Матаевтардың жағында болды және оған ешкім күмәнданбады. Сейітқазы Матаевқа алты жыл, Әсет Матаевқа бес жыл кескен судья Ақболат Құрмантаевтың өлгеннен кейін жаны тозақ отында шыжғырылып жанатынында күмән жоқ. Уақыт бәрін орнына қойып берді. Матаевтардың толық ақталатыны туралы хабар бүгінгі күннің ең жақсы жаңалығы болды және әділдік желінің есе бастағанын сездірді” деген ол.
Естеріңізге сала кетейін, “ҚазТАГ” ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев және Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев осыдан біраз жыл бұрын бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айыппен істі болған еді. Екеуі де кінәсін мойындамаған. Соттың бірінші инстанциясында Сейітқазы Матаев  алты жылға, Әсет Матаев бес жылға сотталып, жазасын жалпы режимдегі зонада өтеуге үкім шығарылған. Апеляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. 2017 жылдың Сәуір айында Сейітқазы Матаев  Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рахымшылыққа ілігіп, оның жазасы 2 жыл 8 айға қысқарады. Әсет Матаев рахымшылыққа ілінбейді.  Сол жылдың желтоқсан айында Сейітқазы Матаев бостандыққа шыққан еді.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар