//

Қазақстанда Цифрлық (Дидижитал) кодекс жасалмақ. Бұл мақсатта 156 млн теңге бөлінген

1059 рет қаралды
фото: Ашық дереккөзінен

Қазақстанда алдыңғы қатарлы технологияларға қатысы бар қызметтердің барлық түрін реттейтін Цифрлық кодекс жасалмақ. Оның реттейтін қызметтерінің қатарына роботтар, блокчейн және жасанды интеллект кіреді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл құжатты дайындау үшін 156 млн теңге бөліп отыр деп жазады Orda.kz.

 Цифрлық Кодекстің жобасын дайындау мемлекеттің бұған дейін бекітілген тұжырымдамалары негізінде дайындалмақ: 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат және Ақпараттық технологияларды дамыту Тұжырымдамалары басшылыққа алынады.

 Цифрлық Кодекс не үшін керек?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл құжаттың дәл қазіргі сәтте аса өзекті болып тұрғанын айтады: цифрлы өнімдер мен технологиялар қоғамның барлық саласында жылдам әрі қарқынды тарап барады. Бұл адекватты және шұғыл құқықтық реттеуді қажет етеді. Министрлік 2015 жылғы ақпараттандыру туралы заңның жиырма рет өзгеріске ұшырағанын, сол өзгерістердің басым көпшілігі соңғы төрт жылда жасалғанын мәлімдеген.

Цифрлық Кодекс ақпараттандыру туралы заңды, жеке бас деректері мәліметтерін қорғау, байланыс, электронды цифрлы қолтаңба және мемлекеттік қызметтерді қамтитын біртұтас құжат болмақ. Сондай-ақ, Кодекс жасанды интеллект технологиясын қолдану, блокчейн және ірі мәліметтерді басқаруды (Big data) да реттеуді өз мойнына алады. Министрлік негізгі басымдықты азаматтардың жеке мәліметтерінің заңсыз қолды болуынан қорғауға беретіндігін айтады.

Цифрлық Кодексте қандай нормалар қамтылады?

Цифрлық Кодекс:

— Азаматтардың негізгі цифрлық құқығы, жеке өмірді және жеке бас құпиясын қорғауға кепілдік беру, сондай-ақ, телекоммуникация инфрақұрылымдарына және қызметтеріне бірдей дейгейде қол жеткізу;

— Мемлекеттік қызметтер саласындағы қоғамдық қатынастар;

— Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақтаулы немесе бюджет қаржысымен жасалған мәліметтерді өңдеу және басқару тәртібі;

— Цифрлық активтерді шығару және айналымға енгізу тәртібі;

— Электронды-цифрлы қолтаңба арқылы расталған электронды құжаттарды құру және пайдалану;

— Жеке мәліметтерді жинау, өңдеу және қорғауға қатысты қызметтердің құқықтық негіздері;

— Байланыс қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормалар;

— Цифрлық платформаларды және экожүйені қалыптастыру тәртібі, бұлармен өзара қарым қатынас барысындағы азаматтардың құқығы;

— Ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы қатарлы технологияларды сынақтан өткізуге арналған арнайы орындарды қалыптастырудың тәртібі;

— Жасанды интеллект технологияларына негізделген цифрлы өнімдердің, блокчейн, ірі көлемдегі мәліметтердің (Big data) қолдануы мен шешімдерінің құқықтық ережесі;

— Биометрикалық мәліметтердің жиналуы, сақталуы және өңделуі, сондай-ақ, биометрикалық бірегейлік технологияларын пайдалану;

— Пилотсыз аппараттар мен автономды роботтар қызметінің құқықтық ережесін қамтымақ.

Конкурсты ұтқан компания Цифрлық кодекстің жобасын 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін дайындауы керек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар