Ұлттық тестілеу орталығы жеңілдетілген санат бойынша грант конкурсының көлемін жариялады.
Орталықтың мәліметі бойынша 2022 жылғы квоталар мөлшері:
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ түсушілерге (қандастар) – 4%;
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы түсушілер үшін – 5%;
- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
- бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%.
Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан ала алады.
Ауыл квотасы – 35%.
– Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады, – деп еске салады Ұлттық тестілеу орталығы.
Қосымша сұрақтар болса ЖОО-дардың қабылдау комиссиясына хабарласа аласыз.
Парақшамызға жазылыңыз