//

Көпбалалы аналар үшін “сән салондарының” есігі қаншалықты ашық?

2031 рет қаралды
ult.kz
ult.kz

Осыдан бірнеше апта бұрын көпбалалы аналар алатын жәрдемақы мәселесін көтерген болатынбыз. Бүгін көпбалалы аналар үшін сән салондарына бару қалтаға қаншалықты жүк түсіретінін жазбақпыз. Осы мақсатта Талдықорған қаласында орналасқан “Пудра” сән салонының мамандарын сөзге тартып көрдік.

-Сұлулық күтімді талап етеді. Басты күтімдердің бірі-тырнақ күтімі. Тырнақ сынып немесе зақымданбауы үшін қазір гельді қаптама жасалады. Бағасы-3500 теңге. 1-айға дейін ұстап тұрады,- дейді “Пудра” сән салонының тырнақ шебері.

-Қазір Перманентті макияж  бьютииндустрияда жақсы тараған, яғни татуаж деп те атайды. Уақыты тапшы арулар үшін ең тиімді тәсіл, қасты бояуға уақыт кетпейді. Қасыңыздың формасын айқындауға арналған бұл процедура микроинъекцияның көмегімен тері астына арнайы бояу енгізу арқылы жасалады. Қыз келіншектердің дені ерін, қасқа арналған перманентті макияжды жасатады. Бағасы-10000 теңге. Және міндетті түрде коррекция жасалады, оның құны  5000-теңге. Қазір керекті құрал-жабдықтардың қымбаттауына байланысты, процедураның бағасы көтеріледі,-дейді “Пудра” сән салонының қас әрлеу маманы.

Дәл осы айтулы салон апта сайын көпбалалы аналарға қолдау көрсету мақсатында түрлі процедураларды  тегін сыйға тартады екен. Мінбер сайтының тілшісі игі істің үстінен түсіп, арнайы видео да түсіріп алды.

Сұлулық индустриясындағы түрлі жаңа технологиялардың дамуының арқасында қандай да болсын мәселеңіздің шешімі табылатыны анық. Бастысы қалтаңызда ақшаңыз болса болды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар