///

Азық-түлік бағасы жәрмеңкелерде арзан. Неге?

2396 рет қаралды

Орал қаласының тұрғындары демалыс күндері ауылшаруашылық өнімдерін жәрмеңкеден сатып алуды тиімді деп санайды. Мұндағы бағалар дүкендер мен қалалық базарларға, үй маңындағы азық-түлік дүкендеріне қарағанда едәуір арзан. Бұл жолы өз өнімдері бар фермерлер аз болды. Мүмкін бұған жаздың ыстық ауа-райы әсер еткен шығар деп топшыладық.

Өткен сенбіде М. Ықсанов көшесінде өткен жәрмеңке таңғы 9-да басталып, сағат 13.00-ге таман аяқталды. Көптеген тұрғындар мұнда таңертең ерте келеді, өйткені олар таңертеңгі сауда ең сәтті сауда деп санайды. Minber.kz тілшісі жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы және қандай өнімдерге сұраныс жоғары екені туралы толығырақ біліп қайтты.

Талдауымызды қала тұрғындары үшін ең қажетті өнімдерден, сонымен қоса көкөністер мен жемістерден бастайық. Егер жәрмеңкеден сатып алушыға бірінші кезекте қажетті өнімдерден себет жинайтын болсақ, онда ол келесідей болады. Сонымен қатар салыстыру үшін Оралдағы белгілі «Алтындар» супермаркетінде көкөністер мен жемістердің бағасын қоса ұсынып отырмыз:

Егер сіз ет және шұжық өнімдерін алғыңыз келсе олардың бағасы келесідей болады:

Ал ұн өнімдері болса тек бір жерде сатылды және супермаркеттер мен дүкендерге қарағанда бағалар сәл төмен болды:

 

 – Біз әр жолы жәрмеңкеге келеміз, фермерлердің бағасы арзандады, – дейді Орал қаласының тұрғыны Жаннат. Оның айтуынша, жәрмеңкеде картоп килограмы 170 теңгеден, ал базарда ол 200-250 теңгеден сатылады.

– Жәрмеңкеге қажетті көкөніс, жидектерді сатып алу үшін келдім, қалай болғанда да 10-50 теңге тұрғындар үшін аз да болса көмек қой. Оның үстіне жақын жерде тұрғандықтан, мұндай мүмкіндікті жіберіп ала алмадым, – деді қала тұрғыны.

Бұл жолы жәрмеңкеде сатылым көшбасшылары қияр, қызанақ және жидектер болды. Оған себеп тұздау, түрлі тосап, компоттарды жабу маусымы.

Жәрмеңкеде шаруа қожалықтарының өкілдері де болды. Олар жәрмеңкеге өздерінің сүт өнімдерін сатуға келген. Үйдің сиырының сүті — 1 л – 400 теңгеден, ал үйдің майы 1 кг 5000 теңгеден. Ал қалалық базарда дәл осындай май шамамен 6000 – 7000 теңгеден сатылады.

Сатушылардың айтуынша, оларға жәрмеңкелерде сату да тиімді, өйткені мұнда олар үшін негізінен жаппай көтерме сауда болады. Жәрмеңкенің аты жәрмеңке, сауда қызу жүруде. Жәрмеңкенің соңында бос жүк көліктеріне жайғасқан сатышулыр да көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне бет алды.

Супермаркеттегі ең қымбат сүт «Добрая Буренка» (6%) сүті болса (710 теңге),  ең арзаны бағадағы сүт 269 теңгеге 2,5% «Милко» сүті болды.

Осы жерде супермаркеттегі бағалар жәрмеңкедегі бағаларға қарағанда сәл болса да жоғары болғанын айта кету керек. Осылайша, ең қымбат «Масленица» күнбағыс майы болса 1180тг, ал арзан бағаға «Шедевр» майы 924 тг ұсынылған.

Ең арзан «Российская» күнбағыс майы ның бағасы 4252 теңгені құраса, қымбат май «Олейнаның» бағасы 5902 теңгені құрады.

Ал көп қабатты үйлер астындағы қарапайым дүкендерде көкөністер мен жемістердің бағасы жәрмеңкедегі бағаларға қарағанда шамамен 100-200 теңгеге жоғары болды.

Сүт және ұн өнімдерінің бағасы да шамамен 100 – 150 теңгеге жоғары. Ең қымбат сүт 6% «Буренка» – 780 теңге, ең арзаны  3,2% «Милко»  – 410 теңге. Ең қымбат күнбағыс майы «Олейна» 1л бағасы  – 1300 теңге, ең арзаны «Шедевр» майының бағасы 1л – 1050 теңге.

Жүргізілген талдаулар мен салыстыруларға сүйене отырып, тұрғындарға азық-түліктер мен көкөніс, жеміс, жидекті осындай ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сатып алу әлдеқайда тиімді екенін сеніммен айтуға болады.

Светлана Аманғалиева,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар