///

Бекі ауылына мектеп салынатын болды

2604 рет қаралды

Бекі ауылы — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылдық округі қарамағына қарайтын кішкентай ауыл. Ол аудан орталығы Шетпеден оңтүстікке қарай 92 шақырым болса, округ орталығы Онды ауылынан 58 шақырым жерде, Шетпе-Жетібай автомобиль жолы бойында орналасқан.

Бекі ауылына мектеп салу мәселесі көтерілгелі 10 жылдан аса уақыт өтті. Бекі ауылының балалары бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін, 7 жыл бойы әр ауылда, әр мектепте, әркімнің үйлерінде жатып оқиды. Бұл жағдай балалардың сапалы білім алуына көп кедергі келтіретіні сөзсіз.
Бекі ауылының тұрғындары ауылдарына мектеп қажеттігін дәлелдеп талай рет облыс әкімінен бастап, мемлекет басшысына дейін өтініш жасап келе жатқаны белгілі. Былтыр облыс әкімі Бекі ауылына 100 орындық мектеп салып беруге “Норт Каспиан Оперейтинк Компаниясына” (НКОК) компаниясына ұсыныс жасаған. Алайда ресми жауап алу ұзаққа созылған.


Жақында Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті жиналысында Маңғыстау облысы білім басқармасының 2021- 2022 оқу жылғы есебі тыңдалған. Сол қоғамдық кеңестің отырысында Онды ауылының тұрғыны Жәнібек Қожық Бекі ауылы мектебіне байланысты сауал жолдағанын өзінің фейсбук парақшасында жазды. Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашевадан Бекі ауылына мектеп салынғанша оқушылар Шетпеге қатынап оқу үшін автобус ұйымдастыруды сұраған. Басқарма басшысы Д. Жұмашева Жақында жаңа автобустар келетінін, бұл мәселені толық шешіп беретінін уәде еткен.
Екінші ұсынысы Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Оңайбек Әбділов мырзаға бағытталған. «Бекі ауылына мектеп салына ма, салынса құрылыс қашан басталады?» деген сұрағына өте жақсы жауап алған екен.
26.07.2022 жылы “НКОК” компаниясынан Оңайбек Әбділов мырзаға ресми жауап келіпті. “Бекі ауылынның мектеп құрылысы 2022 жылдың қазан айында басталады” депті.
Бұл көптен күткен жағымды жаңалық.
Жәнібек Қожық осы жағымды жаңалықты бөлісе отырып, Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде бұл мектепті бақылауда ұстайтынын, мектеп құрылысы қағаз жүзінде қалмай жүзеге асуына тілектес екендігін тілге тиек еткен.

Элеонора Әмір

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар