/

“15-жасар қызды зорлап, өлтіріп, денесін өртеп жіберген” Жетісу облысында қайғылы жағдай орын алды

2173 рет қаралды
Время басылымы

Жетісу жерінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Жетісу облысы Жаркент маңындағы Шолақай ауылында 15 жасар қызды жергілікті тұрғын зорлықпен өлтірген. Оқиға қалай басталды?

Ресми мәліметке сүйенсек, жергілікті полиция қызметкерлеріне Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылы тұрғынының атынан кәмелетке толмаған қызының жоға­лып кеткені туралы арыз түскен. Іздестіру шаралары  жайлы хабарлама Панфилов аудандық полиция бөлімінің ресми парақшаларында жарияланған.

“Ағымдағы жылдың шілде айының 23-і Панфилов АПБ кезекші бөліміне Кисабеков Е.В атынан  арыз келіп түскен, себебі 2022 жылы 21 шілде күні қызы Панфилов ауданы, Шолақай ауылы, Юлдашева #22 үй мекен жайы бойынша бірге тұратын 27.05.2007 жылы туылған  Қисабекова  Куралай Ерболқызы шамамен  кешкі сағат 20:30 да үйінен шығып, қайта оралмаған.
Үйден шыққанда ақ футболка, қара джинсы, көк түсті жазғы аяқ киіммен болған.
Ерекше белгілері: Бойы шамамен 155-160см, мұрнының екі жанында туғанынан меңі бар,дене бітімі – орташа, шашы- қара, көзі- қоңыр” делінген іздестіру жазбасында.

Арыз бойынша Жетісу өңірінің полицейлерінің кешен­ді жедел-іздестіру іс-шарала­рының нәти­жесінде құ­зырлы органдар қылмысын мойындаған жергілікті Рустам Ахметов есімді азаматты анықтайды. Күдіктіні тексеру арқылы, қыздың мәйітін ауыл шетінен тапқан. Бойжеткен зорлықпен қаза тапқан.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық ко­дексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өл­тіру), 10-тармағы (өзге қылмысты жасы­ру мақ­сатында) және 14-тармағы (кәме­летке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Рес­­публикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігі, 1-тармағы (кәме­летке толмаған адамды зорлау) бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза тағайындалды. Оның санкция­сында 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», дейді Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты облыс әкімдігі пікір білдірді

“Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Ал, жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында”, – деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Думан Алтынбекұлы.

Азаттық жазған соңғы ақпаратқа сүйенсек:

“Жәбірленушінің туыстарының бірі Азаттыққа жәбірленушінің жаназасы 30 шілдеде өткенін айтты. Жаназаға аудан, ауыл әкімі, полиция өкілдері келген. Жиылған жұрт биліктен “күдіктіні отбасымен бірге ауылдан көшіруді” талап еткен.

“Билік 2 тамызға дейін мұрсат беруді сұрады. Сол кезде дейін шешім қабылданады” деді аты-жөнін атағысы келмеген жәбірленушінің туысы.

Оның сөзіне қарағанда, жәбірленуші отбасының үйінде бес бала бар. 15 жасар қыз ортаншысы болған. Билік жәбірленушінің анасының денсаулығына қарайласуға және отбасына көмектесуге уәде берген.

Жәбірленушінің туысының айтуынша, қазір Шолақай ғана емес, ұйғылар жиі қоныстанған өзге елді мекендерде де қауіпсіздік шарасы күшейтілген.

Панфилов аудандық полициясы өкілдері 31 шілдеде Азаттыққа ауылда жағдай тұрақты екенін айтты.

“Онда 80 шақты полиция қызметкері жүр. Кеше интернет өшірілген. Бүгін қалпына келді. Ешқандай төбелес болған жоқ” деді өзін Құрманалиев деп таныстырған полиция өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, күдікті Талдықорғандағы тергеу изоляторына қамалған.

Ақпаратқа қарағанда, күдікті бұрын кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталып, артынша мерзімінен бұрын босап шыққан.”

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар