Қазақстан өз халқын азық-түлікпен қаншалықты қамтамасыз ете алады? Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің арасында Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтуда үшінші орында тұр екен.
Бұл туралы Еуразиялық Экономикалық одақтың ресми өкілі Ия Малкина бүгінгі, яғни 26 мамырдағы брифингте хабарлаған.
“Беларусьтың өзін-өзі азық-түлікпен қамту мүмкіндігі 94%, Ресей Федерациясы – 90%, Қазақстан – 83%, Қырғызстан – 81%, ал Армения – 73%” деген ол.
Оның айтуынша жалпы Еуразиялық Экономикалық одақ елдерінің өзін-өзі азық-түлікпен қамту мүмкіндігі 93%.
“Қорыта айтқанда, Еуразиялық Экономикалық одақтың азық-түлік қоры мол, сарапшылардың пікірінше, ішкі нарықты кез келген апаттан қорғаудың мүмкіндігі жоғары. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында ауылшаруашылығы өнімін өндіру былтырғы жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 1,5% өскен”, – дейді ол.
.
Парақшамызға жазылыңыз