/

Түркістан облысының әкімі отставкаға кете ме?

763 рет қаралды
primeminister.kz
primeminister.kz

23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласы әкімінің қылмысы дәлелденсе отставкаға кететінін  орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтқан болатын.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш бергені жайлы Zakon.kz хабарлады.

Өтініш 24 тамызда жазылған. Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар