///

“Азаматтық журналистер” жобасының үздіктері анықталды

2192 рет қаралды
2

Internews жариялаған “Үздік азаматтық журналист 2022” байқауының жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды “Internews.kz”.  “Азаматтық журналистер” атты Internews жобасының ішкі байқауының қорытындысы 7 қыркүйек күні белгілі болды. Жоба жалпы төрт жыл бойы өткізілуде, соның ішінде ішкі байқау үш жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл байқау алғаш рет төрт тілде, қазақ, тәжік, өзбек және орыс тілдерінде өткен.

Байқау “Нас бьют, мы летаем”, “Ветер перемен”, “Мы вместе”, “Новый поворот” және “Media Hero” атты бес номинация бойынша өткізілді.

Сонымен қатар, әр редакцияның байқаудың “Куратор таңдауы” атты номинациясы бойынша жобаға қатысушылар арасынан үздік азаматтық журналисті таңдау мүмкіндігі болды.

Байқаудың жабық өтетінін айта кету керек, бұл шараға тек қана азаматтық журналистер қатыса алады. Яғни, алдын ала жарияланған номинациялар бойынша азаматтық журналистер жобасының қатысушылары өз жұмыстарын ұсынады. Тапсырыстарды қабылдау аяқталған соң азаматтық журналистер бір-бірінің ең үздік деп тапқан жұмысына дауыс береді.

Internews хабарлағандай биыл байқауға Қазақстан мен Тәжікстанның ең шалғай өңірлерінен 24 жұмыс түскен. Дауыс беру бойынша 11 жеңімпаз анықталған.

Біздің редакция жоба аясында өткен байқаудағы Мінбердің қатысушыларының жетістігі жайында қуана хабарлайды.

Жобаға Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан Жұлдыз Ақтанжанова “Новый поворот” номинациясында жеңімпаз атанды. Жұлдыз тек журналист ретінде ғана емес, қоғам белсендісі ретінде де жаңа қырынан ашылды. Ол жоба барысында өз мақалаларындағы кейіпкерлердің мәселелерін шешу жолын іздеп, мемлекеттік ұйымдарға және заңнамаға өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасады.

Жобаға Моңғолия елінің Баян-Өлгей аймағынан қатысқан Тілектес Ақылбекұлы “Ветер перемен” номинациясында жеңімпаз деп танылды. Тілектес өз материалдарында екі елдің ортасында қалған адамдар туралы жазған еді. Қазақстанға көшіп келген Моңғолия азаматтары белгілі бір себептермен кері Моңғолияға көшуге мәжбүр болған, өкініштісі олар қазір екі елдің арасында қалып, құжаттарын қолға ала алмай жүр. Осының салдарынан олар білім алу, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерден қалыс қалған. Тәлкекке түскен адамдар тағдырының жайын көтерген мақалалар жарияланған соң Моңғолиядағы Қазақстан елшілігі 57 бала мен ата-анасының құжаттарын ҚР Президентінің әкімшілігіне жолдаған, ал Моңғолиядағы қоғамдық қордың төрағасы Бүкіләлемдік қазақтар қоғамдастығына ашық хат жолдаған.

Келесі “Нас бьют, мы летаем” номинациясында да Жұлдыз Ақтанжанова жеңіп шықты. Байқауға ұсынылған материалдарда Жұлдыз Аягөздегі жатақханадан шығарылып, баспанасыз қалатын адамдардың тағдыры туралы мақалалар сериясын жазған еді.

“Куратор таңдауы” номинациясында да куратордың таңдауы Жұлдыз Ақтанжановаға түсті.

“Мінбер” ақпарат агенттігі жоба аясында жарияланған байқауға қатысып, жеңімпаз атанған Жұлдыз бен Тілектесті шын жүректен құттықтайды!

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

2 Comments

  1. Сәуірде жоба басталады деген хабарландыруды Есенгүл Кәпқызы парақшасынан оқып, сол жерден бірден сілтеме арқылы өтіп, толтырып тастадым. Ол кезде өзіме деген сенімім мықты болып тұрған.
    Кейін оқу басталғанда, қатысушылардың материалдарын оқып, сабақта қойылып жатқан сұрақтарды естіп отырып, өзіме деген сенім нөлге бірақ кетті ғой
    Жарайды, шешінген судан тайынбас, не де болса жетік білетін жерімді жаза берейін деп.. Міне енді, үздік атанып жатқан жайым бар достар! ✊
    Оқу барысында қызықты сәттер де көп болды. Қанттың қымбаттағаны туралы материал жазамын деп, қант шығаратын зауыттардың жабылғанын жазып кеткенсің ғой
    Есенгул ханым – “Мынау өзі не болып кетті Жулдыз? ” дей ма? Ой бір күлдік сол жерде
    Тамаша уақыт болды. Алты айдың ішінде барлық қатысушыларға, ұстаздарға бауыр басып қалдық.
    Есенгүл Кәпқызы, Anna Sukhacheva , Дмитрий Ким сияқты мықты журналистерден тәлім алғаныма қуаныштымын!
    Үлкен рахмет сіздерге!
    Minber.kz тек алға!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар