//

Алтынбек Сәрсенбайұлы: Билікте жүру – ешкімнің басты мақсаты болмауы тиіс

1151 рет қаралды
Алтынбек Сәрсенбайұлы «Тарлан» сыйлығын табыстау кешінде. 2005 жыл.

12 қыркүйек Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Марқұм 44 жасында кісі қолынан қаза тапты. Тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Жуырда Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі Сарыжаздағы өзі оқыған мектепке берілді.

Бүгін бірқатар әлеуметтік желі қолданушылары саясаткер туралы жазып, оның еңбегін атап, қоғам жайлы ойларын жариялады.

«Бұл тәуелсіз сыйлық 2000 жылдан бастап білім, ғылым, өнер, мәдениет, әдебиет, кино, ағартушылық салаларына еңбегі сіңген адамдарға беріле бастаған.

«Бір сала бойынша үш жүлде берілетін. Сыйақы қаржысы өте қомақты еді (10 мың доллар). Қаржыны бөлу мен шараны ұйымдастыруды меценат кәсіпкерлер мойнына алды. Өкініштісі, осы керемет жоба 2007 жылдан соң тоқтап қалды. Себебі, 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлына саяси қастандық жасалған соң, елдегі бизнес-элитаға қуғын-сүргін басталды. Одан кейін «Суперхан» жыры басталды», – дейді  Ruslan Erbota.

Алда бір емес, екі сайлау келе жатыр. Біраз кісілер «біріктік, билікке қарсылас боламыз», деп жатыр. Соларға бір идея. Алтынбектің байырғы жақтастары (ішінде осы сыйлықты тағайындауға қатысқандары да бар) бастап, өзгесі қостап, осы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын қайта қолға алып кеп жіберсе… Сайлаудың жүзіне қан жүгіріп, аздап болса да интрига пайда болар ма еді деп қоям. Соңғы кездері биліктің астауынан ғана жем жеп үйреніп кеткен зиялы қауым екінші тараптың да бар екенін есіне түсірер ме еді деймін…

Алтынбектің әр суреті, әр видеосы аяулы. Бұрын білсем де мән бермеппін, жаңа бір жігіттер «оның бар болғаны 43-ақ жасында қаза болғанын» айтып жатқанда жүрегім шым ете түсті. Сондай-ақ жасында… Не деген потенциал, не деген харизма! Біз ұлы адамды өлтіріп тастаппыз ғой…

«Мен есікті ашып: “Шығыңыз, алға түсіңіз ” дедім. Ол шығып, елу қадамдай жүрді. Бұрыл деп едім, бұрылды. Жүрек тұсынан көздеп атып жібердім». – Бұл жендет Рустам Ибрагимовтың соттағы сөзі. Осы бір жолдарды оқып алдым да, сол соңғы сәтті күні бойы ойлап жүрдім. Соңғы елу қадамын аттап бара жатып не ойлады екен…

Алмас Нүсіп парақшасынан

Егер біз құбылмалы дүниенің ығына қарай жығылатын болсақ, онда халықтың сенімінен айырыламыз.

********

Билікте жүру – ешкімнің басты мақсаты болмауы тиіс. Саясаткердің басты мақсаты ұлттық мүдде мен халықтың ең зәру талап-тілектерімен сәйкес, үйлес болу керек.

********

Біз өткен тірліктерді еске түсірумен емес, елге, қоғамға пайдалы істермен айналысуымыз керек.

********

Ғылымды сыйлайтын адамдар – әділетті болуға тырысады. Себебі, ғылымның өзі ақиқатқа алып баратын тура жол ғой.

********

Бүгінгі күнгі мақсат – жау іздеу емес, пікір тоқайластыратын жер іздеу. Басты және негізгі міндет – көп болып қимылдап, мемлекетті нығайту, тәуелсіздікті сақтап қалу.

********

Алға жылжу тек бір-бірімізді толықтырғанда ғана болады, ал, бір-бірімізді толықтыру үшін өзара пікір алмасуларға көп баруымыз керек.

********

Меніңше, мінезді қалыптастыратын – мәдениет. Ішкі мәдениет. Ішкі мәдениет кемшін адам еш уақытта шындықты айта алмайды. Үлкен мәдениетті игерген адам әманда шындықтың жағында болады.

********

Егер ұлттық зиялыларымыз саясатты жасаудан қорықса, үріксе, не одан сырт қалса, онда біздің еліміздегі саясатты өзгелер жасайтын болады.

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Нүркен Өтеуілдің парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар