Оқиға 15 қыркүйекте Өскемен қаласында орналасқан дарынды балаларға арналған лицейде болған. “Куәгерлердің айтуы бойынша мектепте еден жуатын кіші қызметкер мен завучтың ортасында ұрсыс болған. Осы оқиғадан кейін кіші қызметкер дәрі ішіп, завучтың кабинетінің алдында жан тапсырған”, – деп жазды, altaynews.kz
Оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ), қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық Кодексі 105-бабы бойынша “Өз-өзіне қол жұмсау бойынша” қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.
Естеріңізде болса, 2021 жылы Өскемен қаласының № 5 мектебінің педагогі Әсем Нургалиева қайтыс болған. Өскемендік педагогтың туыстары мен әріптестері оның мектеп басшылығы тарапынан болған қысымның құрбаны болғанын айтқан болатын. Олар мұғалімді директор ауруына байланысты демалысқа жібермеді. Нәтижесінде ауру комаға түсіп, қайтыс болған.
Жұлдыз Ақтанжанова,
Шығыс Қазақстан облысы
Фото дереккөзі: inbusiness.kz
Парақшамызға жазылыңыз