//

Тоғжан Қожалы «ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі: Бақылаушы сайлаудың әділ өтуіне кепіл болуы тиіс

2165 рет қаралды

Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына санаулы күндер қалды.  Осыған орай, сайлауда бақылау ететін ұйымдардың да жұмысы қыза түсуде. Бүгін Астана қаласында «ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қорының сайлауалды жиыны өтті. Бақылаушылардың жұмыс барысымен, саяси шиеленістер жайында сөз қозғаған ұйымның жетекшілері, бақылаушылардың бақылаушы заңын да білмейтініне ерекше тоқталып өтті.

Тоғжан Қожалы «ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі:

-Бізде қазір бақылаушы болуға 11 қаладан өтініш бар.  Жоспарымыз бойынша,  біз өтініш келіп түскен 1500 адамның ішінде 1000  адамды – бақылаушы ретінде таңдап аламыз. Астана қаласы бойынша 100 адам, Шымкент қаласы бойынша 200 адам, Түркістан облысы бойынша 100 адам, Атырауда 120 адам.

Әрбір демократиялық елде Президент тек сайлау арқылы келу керек. Сайлаудағы бақылаушылар –  тек қана участокта отыратын бақылаушылар емес. Ол 10 адамның әрбіреуі азаматтық қоғамның белсенділігін арттыратын адамдар. Егер бізде байқаушылар болмаса, онда қоғамымыз да ұйқылы-ояу жүре бермек.

Елімізде коррупцияны, жемқорлықты жоямыз десек, ең бірінші – бақылаудан бастайық. Бақылаудан, халықтың даусының ұрлануын доғарудан бастайық. Егер халықтың дауысы ұрланбаса, менің сенімім бойынша елде коррупция да жоғалады. Мемлекеттің басты қадамы осылай басталуы керек. Біз қаншама елде болдық, қаншама участоктарда болдық – елде өзгерістер болып жатыр.  Қазір байқағанымыз, бұрын аумақтық сайлау комиссия өкілдері бақылаушыларға өздері шықпайтын. Қазір әрбір өңірдегі аумақтық сайлау комиссия өкілдері бақылаушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

Бақылаушылар халық қанша дауыс бергенін бақылауы керек және ол хаттамаға кіруі керек. Бірақ,біреудің инструменті болмауы керек. Сондықтан, бақылаушыларға айтатыным, “Аманаттың” да  және шет елде жүрген ДВК-ның да құралына айналмаңыздар. Біздің еліміздің демократиялық дамуы бөлек, ал бақылаушылардың басты мақсаты – халық қалай дауыс берді, соны тіркеу керек. Басқа мақсат байқаушыларда жоқ. Сондықтан, саяси шантажға, саяси циркке жол бермеуге шақырамын.

Назерке Сексенбайқызы,

Астана қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар