//

Кезектен тыс Президент сайлауы қалай өтті? Бақылаушылар көзімен

2549 рет қаралды

Жексенбі, 20  қараша күні өткен кезектен тыс Президент сайлауын бақылаған тәуелсіз бақылаушылар участоктағы комиссия мүшелерінің жұмыс істеуіне бөгет болғанын айтады. Солардың бір парасы “Мінбер” сайтына пікір білдірген еді.

“Мұқалмас” ұйымының бақылаушысы Айтбаев Марат Төлегенұлы: 

– 186 орта мектептің 516 участогында  “Мұқалмас” ұйымының атынан бақылаушы болдым. 20 караша күні таңғы сағат 06.00 участоктың алдында болдым. Заң бойынша, сағат 06.00 бастап,бақылаушыларды тіркеу керек еді, бірақ бізді “сағат 07.00-де кіресіңдер” деп участоктан шығарып жіберді. Мен бақылаушы болған, 516 участокта әділетсіздік көп болды. Бақылаушының құқығы бұзылып, комиссия мүшелері суретке, видеоға түсіруге кедергі жасады.

“Еркіндік қанаты” қорының бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет:

–  Біріншіден, таңертең участокқа бақылаушылардың кіруі қиын болды. Екіншіден, бір ұйымнан екі бақылаушы болған жайттар да көп кездесті. Барлық участокта бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіру көп болды. Заң бойынша, бақылаушы Сайлау процесіне кедергі келтірмей, өзіне ыңғайлы жерде бақылауға толық хақысы бар. Одан бөлек, фото-видео түсіруге көп кедергі жасалды. Сайлау комиссияларының “бұл участокта мен қожайынмын, менің айтқаным болады” деген дөрекіліктеріне де куә болдық.  Бір бақылаушымызды сайлау бітпей жатып, участоктан шығарып жіберді.  Одан бөлек, тізімде жоқ сайлаушыларға бюллетень берілді. Бір кабинкаға екі адамнан кіргізді. “Неге олай істейсіздер?” деген бақылаушының сұрағына “Ол адамдар – туыстар. Ал, туыс адамдар бір кабинаға кіруге болады” деп жауап берді комиссия мүшесі. Санақ барысында – өте көп заң бұзушылықтар болды. Конституцияның нормасына сәйкес, уакытында  санау процесі жүрмеді. Бақылаушыға хаттаманы бермеді. Заңның 43 бабы бұзылды. Әр бюллетеньді санағанда дауыстап айтпады. Хаттаманы бақылаушының қолына бергенде, көшірмеге мөр басылмады. Дауыс беру нормалары құпиялығының сақталмауы жиі кездесті. Сайлаушылар басшылық талабын орындау мақсатында бюллетеньді фотоға түсіріп, фотоесеп жасау факторлары көп кездесті. Жалпы, Тәуелсіз бақылаушылар тарапынан айтатын болсам, Сайлау процесін бақылауға толық, анық, сапалы бақылауға кедергілер көп болды. Бұл жағдайда, сайлау нәтижелерін бұрмалау да өте оңай.

“Тәуелсіз бақылаушылар” ұйымының төрайымы Арайлым Назарова:

 – 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауына біздің ұйым атынан бақылаушылар бір аудандағы участоктарды  толықтай қамтамасыз етті. Біз бұл тәсілді Референдумда да қолданған едік.  Ол кезде Алатау ауданы болса, осы жолы Наурызбай ауданы болды. Екінші рет осы әдістің тиімді екенін көріп отырмыз. Негізгі заңбұзушылықтар дауыс санау кезінде болды. Учаскелер бақылаушыларды санаққа жібермеуге барын салды, фото-видео түсіруге кедергі жасады. Таңертең бір бақылаушыны полиция алып кетсе, бір бақылаушыны учаскеде орын жоқ деп сайлау учаскесіне кіргізбеуге тырысты. Осы сайлауда біздің мобильді топ белсенді жұмыс істеді”.

“ХАҚ” ұйымының өкілі Шыңғыс Айнабеков: 

– “ХАҚ” ұйымының бақылаушылары  12 қаланы қамтыды. Оның ішінде, Алматы,   Астана,    Ақтау,  Атырау, Қарағанды,    Алматы,     Түркістан, Жетісу,   Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және  Шымкент қалаларында біздің бақылаушылар болды. Жалпы  – 260 участокта бақылаушыларымыз болды, соның ішінде 240 хаттаманы бақылаушылар ала алды. Бақылаушыларға жалпы 1100 мандат берілді. Оның ішінде, шын мәнінде бақылаушы болғандар саны 632 (57.4% ), 468 фейк бақылаушылар (42.6%).

Назерке Сексенбайқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар