Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында

2043 рет қаралды
4

Жуықта Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының “Ата жұрт” баспасынан жарық көрген жеті кітаптың тұсау кесері болды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асыл ұлы Мамашев мырза 2010 жылы оқырман қолына тиген жаңа кітаптардың әр қайсысының ерекшеліктері туралы таныстырып, осы ұласпалы үрдістің ары қарай жалғаса беретіндігін атап өтті. Бұл рухани қазынамызды байытуға қосылған қомақты үлес. Төменде сол кітаптар туралы мәлімет беріп отырмыз. мінбер-админ

2226 Оспан 1Оспан батыр Исламұлының туғанына 100 жыл.

Оспан батырдың туғанына 100 толуына орай

Алматыда өткен халықаралық ғ

ылыми-теориялық конференция материалдары.

Кітап ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

М.Құл-Мұхаммедтің құттықтау сөзімен ашылған.

Конференцияда сөз алған жиырма екі ғалым және

басқа адамдардың мақалары мен алты ақынның өлеңі енген.

Құрастырған Ботагөз Уатқан.

2228 НурилаНұрила Қызыханқызы. «Аңшылық хикаялары».

Қазақтың байырғы кәсібі аңшылық пен саятшылық

өнеріне қатысты этнографиялық әңгімелер жинағы.

Байыт Қабанұлы. «Бұрымбибі». Моңғолияда тұратын ақынның өлеңдер жинағы.2221 байыт «Өлсем де келетіндей сағындырам,

Өлместің, өшпестіктің тағын құрам.

Тұрлаусыз төрткіл мынау дүниені,

Төрт ауыз өлеңіме бағындырам».

«Бай-Бесік тұмалар». Баян-Өлгий аймағының 70 жылдығына орай2225 Байбесік шығарылған,жергілікті ақындардың өлеңдер жинағы. Алғы сөзін жазған Дүниежүзі қазақтыры қауымдастығының Төралқа Төрағасының бірінші орын басары Талғат Асылұлы Мамашев. Құрастырғандар:А.Елгезек, Б.Бәмішұлы;

Мұрат Шаймаран. «Еркін аспан өлеңі».Қытайда жаңашыл ақынретінде танылған, бүгінгі таңда қазақ 2227Шаймаранпоэзиясына өзінің сүбелі үлесін қосып жүрген

ақынның соңғы кезде жазған өлеңдер жинағы;

Қайролла Баянбайұлы. «Селкеусіз сезімдер». 2224КайроллаҚытайдағы қазақ әдебиетінің

белгілі өкілінің махабатты жырлаған тұңғыш романы.

Дәлелбек Батыр. «Тілеп алған қасырет».

2223 ДалейРесейдің Алтай Республикасында дүниеге келген жазушының

бұл кітабына

Ресей жеріндегі қазақтардың тағдыры суреттеледі.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өте дұрыс болған. Бұл кітаптардың әрқайсысы, әсіресе Оспан батыр туралы кітап пен Мұрат Шаймаранұлының кітабы қазақ руханиатына айырықша құбылыс болып саналатын кітаптар. Жағымды жаңалық көбейсін.

  2. Жақсы жаңалық екен. Мұрат ағамыздың кітабы шынында да қазақ сөз өнерінде аталып өтуге тиісті кітаптардың бірі ғой.

  3. Қауымдастықтың қамқорлығына рахмет! Тағыда көтеген авторлардың кітабын басып шағырып, шетелдегі ағайның әдебиттегі еңбегін елге таныстыра берулеріңізге тілектеспіз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар